Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «11» желтоқсандағы № 135-р өкімі

2015 – 2016 жылдарға арналған «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

«Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы шеңберінде Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында:

1. Қоса беріліп отырған 2015 – 2016 жылдарға арналған«Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар:

1)Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу