Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «12» тамыздағы № 67-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан  Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін   және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын;

3) қабылданған шаралар туралы жыл сайын 2017 жылғы 20 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін хабардар етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жәнеәлеуметтік даму министрлігі жыл сайын 2017 жылғы20 желтоқсанға дейін Қазақстан   Республикасының Үкіметіне осы өкімнің орындалуы туралы жиынтық   ақпарат берсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.

 

 Премьер-Министр                         К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу