Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «15» сәуірдегі № 29-ө өкімі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ақпараттық материалдар ұсыну кестесiн бекіту туралы

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 82-р өкімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Қоса беріліп отырған кестеге сәйкес осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктелсін.

Премьер-Министр               К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу