Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «21» ақпандағы № 14-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

Премьер-Министр                                                              К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу