23 Мамыр 2016, 14:19
Өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы» 2014 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 756 қаулысына сәйкес:
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында, Айыртау, Аққайың, Есіл, Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар, Шал ақын, Тайынша және Тимирязев аудандарында өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу