Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы «23» маусымдағы № 51-ө өкімі

2016 жылы армиялық халықаралық ойындар конкурстарына дайындалу және оны Қазақстан Республикасының аумағында өткізу туралы

«Артиллериядан оқ ату шеберлері» және «Мергендер шебі» армиялық халықаралық ойындар конкурстарына (бұдан әрі – конкурстар) дайындалу және оны 2016 жылғы 2-9 тамыз кезеңінде Жамбыл облысының Гвардейск кентінде өткізу мақсатында:

  1. 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі конкурстарға дайындалуды және оны өткізуді қамтамасыз етсін.

  2. 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, күзетуді және құқық тәртібін, делегациялардың конкурстарды өткізу орындарына және кері қарай қозғалысын қамтамасыз етсін.

  3. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұсынған жеке құрамның атаулы тізімдері бойынша конкурстарға қатысушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуін қамтамасыз етсін.

  4. 4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі:

  5. 5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен конкурстарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

  6. 6. Алматы қаласының, Алматы және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тамақтандыруды, мәдени-бос уақыт іс-шараларын ұйымдастыру және Отар кенті жолдарының инфрақұрылымын, теміржол станциясын жөндеу мәселелері бойынша армиялық халықаралық ойындарды қолдауды және оны өткізуді қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

  7.  

Премьер-Министр                 К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу