Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «25» мамырдағы № 43-ө өкімі

Хорватия Республикасының Премьер-Министрі Зоран Милановичтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Хорватия Республикасының Премьер-Министрі Зоран Милановичтің 2015 жылғы 26 – 28 мамырдағы Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар)дайындау және өткізу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+7» форматы, өзара түсіністік қағидаты бойынша Хорватия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2015 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және
004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Хорватия Республикасыныңресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
  2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен:

1) Астана қаласында Қазақстан Республикасының іскер топтары өкілдерінің және Хорватия Республикасы ресми делегациясының құрамындағы іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыруды;

2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Хорватия Республикасының Премьер-Министрі Зоран Милановичтің және оған еріп жүретін адамдардың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;

3) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды;

4) сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Хорватия Республикасының Премьер-Министрі Зоран Милановичтің құрметіне берілетін қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыспен, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны безендіруді) қамтамасыз етсін.

6. Астана қаласының әкімдігі Хорватияның ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) Хорватия Республикасының Премьер-Министрі Зоран Милановичті қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Хорватия Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.

9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

 

Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу