Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «27» тамыздағы № 71-ө өкімі

Сербия Республикасының Президенті Т. Николичтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

 

Сербия Республикасының Президенті Т. Николичтің 2015 жылғы 27-30 тамызда Қазақстан Республикасына (Астана және Алматы қалалары) ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу мақсатында:

  1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
  2. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен «1+1+8» форматы бойынша Сербия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне Астана және Алматы қалаларында жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2015 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының,
    Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»,
    003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Сербия Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана және Алматы қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
  4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Сербия Республикасының Президенті Т. Николичтің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және одан ұшып шығуын;

2) Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және оған жанармай құюды;

3) Астана қаласында Қазақстан Республикасының іскер топтары өкілдерінің және Сербия Республикасының ресми делегациясының құрамындағы іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыруды;

4) сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Сербия Республикасының Президенті Т. Николичтің және оның жұбайы Д. Николичтің құрметіне берілетін қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықтық қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.

6. Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Сербия Республикасының ресми делегациясын әуежайларда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежайларды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) Сербия Республикасының Президенті Т. Николичті және оның жұбайы
Д. Николичті қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сербия Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.

9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

 

Премьер-Министр                    К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу