Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «28» желтоқсандағы № 160-ө өкімі

«Қоғамдық кеңестер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағыҚазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өкілді органдары (келісім бойынша):

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдасын, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

 Премьер-Министр                                                                К. Мәсімов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу