Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі  №434 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы №1058 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 531-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасында:
16-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «11) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарларға арналған декларацияда мәлімделген келісімшарттың есептік нөмірін не мәміле паспортының нөмірін келісімшартта көрсетілген есептік нөмірмен не мәміле паспортының нөмірімен салыстыруды;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ

Жарияланды: 22 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту