Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 458 қаулысы

Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағ­дай­лар жасау және 2012 жылғы мамыр­да­ғы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақ­сатында Қазақстан Республикасының Үкіме­ті қаулы етеді:
1. Демалыс күні 2012 жылғы 28 сәуір, сенбіден 30 сәуір, дүйсенбіге ауыстырылсын.
2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса ал­ған­да, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объек­тілерін іске қосу үшін ең­бек, материалдық және қаржы ресурс­тары­мен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіп­одақ ұйымдарымен келісім бойынша 2012 жылғы 30 сәуірде жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Рес­публи­ка­сының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жария­лан­ған кү­нінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.

Жарияланды: 22 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту