Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі  №533 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидалары»;
2), 3) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмысын белгілеу және ұйымдастыру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2012 жылғы 26 сәуірдегі №533 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 13 желтоқсандағы №1240 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнiң ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемле­кет­тiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнiң ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункт­терiнiң (бұдан әрi – өткiзу пункттерi) ашылу, жұ­мыс істеу және жабылу тәртiбiн айқындайды.
2. Өткiзу пункттерi Қазақстан Респуб­ликасының басқа мемлекеттермен халықаралық қатынастарын қамтамасыз етуге арналған.
3. «Қазақстан Республикасының Мемлекет­тік шекарасы туралы» Қазақстан Респуб­ли­ка­сының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына және Қазақ­стан Республикасы ратификациялаған ха­лық­аралық шарттарға сәйкес Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттiк шекарасы арқылы темір жол, автомобиль, теңіз, әуе және өзге де қаты­настардың өту орындарындағы өткiзу пункттерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Өткiзу пунктi тиiстi технологиялық жабдығы бар ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар кешенiн қамтиды, бұларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қыз­метiнiң, Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын кеден органдарының және басқа да орган­дардың бақылау-өткізу пункттерi құрылады.
4. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республи­касының Мемлекеттiк шекарасынан өтуінің, ол арқылы көлiк құралдарын, жүктердi, тауарларды, жануарларды, өсiмдiк өнiмiн және өзге де мүлiктi (бұдан әрi – көлiк құралдары мен жүктер) өткізудің белгiленген тәртібiн сақтауды қамтамасыз ету үшiн өткiзу пункттерiнде Қа­зақстан Республикасының «Қазақстан Рес­пуб­ли­касындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы, «Халық денсаулығы және денсау­лық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодекстерінде, «Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» туралы Қазақ­стан Рес­публикасы Президентінің 1999 жылғы 10 жел­тоқсандағы Жарлығында, сондай-ақ Қа­зақстан Республикасының «Қазақстан Респуб­ликасы­ның Мемлекеттік шекарасы туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Өсім­діктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі, «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заң­да­рында белгiленген тәртiппен шекаралық, кеден­дiк, санитариялық-карантиндiк, ветерина­рия­лық-санитариялық, көлiктiк және мемлекет­тік фитосанитариялық бақылау жүзеге асырылады.
5. Өткiзу пункттерiнде Қазақстан Респуб­ли­касының заңдарында көзделмеген бақылаудың басқа түрлерiн ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, сондай-ақ жеке және заңды тұлға­лар­дың шекарадан өтетiн көлiк құралдарына, жүктерге және жолаушыларға қызмет көрсету­мен байланысты емес шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткiзу пункттерi былайша сыныпталады:
1) халықаралық қатынастар түрi бойынша: автомобиль (автожол), темiр жол, теңiз, өзен (көл), әуе, жаяу жүргiншi, аралас;
2) халықаралық қатынастар сипаты бойынша: жүк, жолаушылар, жүк-жолаушылар;
3) жұмыс істеу тәртiбi бойынша: тұрақты (тұ­рақты негізде жұмыс істейтін, маусымдық, тұ­рақты емес негізде жұмыс істейтін) және уақытша;
4) мәртебесі бойынша: көпжақты (халықара­лық) және екіжақты (мемлекетаралық);
5) жұмыс режим бойынша: күндізгі, тәулік бойғы.
7. Өткiзу пункттерi:
1) азаматтығына (бодандығына) қарамастан жеке тұлғалардың және үшiншi елдердiң аума­ғында тiркелген көлiк құралдарының мемле­кеттiк шекарадан өтуi үшiн көпжақты;
2) шекарадан Қазақстан Республикасының және шекаралас мемлекеттiң азаматтары мен көлiк құралдарының ғана өтуi үшiн екiжақты болуы мүмкiн.
8. Өткізу пункттерінің, олардың халықара­лық қатынастағы түрі мен сипаты, жұмыс істеу тәртібі, жұмыс мәртебесі мен режимі бойынша сыныпталуы көрсетілген өткізу пункттерін ашу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері ресми баспасөзде жариялануға жатады және оларды «Қазақстан Республикасының ха­лықаралық шарттары туралы» Қазақстан Респуб­ликасының 2005 жылғы 30 мамыр­дағы Заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақ­стан Республи­касындағы шет мемле­кеттердiң дипломатиялық (консулдық) өкiлдiктерiнің және мүдделi халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республи­касының шетелдегi дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiнің назарына жеткiзедi.
2. Өткiзу пункттерiнің ашылу тәртiбi
9. Өткiзу пунктiн орнатудың орындылығын айқындау үшiн мүдделi мемлекеттiк орган (бұ­дан әрi – бастамашы) осы Қағидалардың 4-тар­мағында көрсетілген белгіленген бақылау түрлерін жүзеге асыратын мемлекеттiк орган­дарға (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау органдары) мынадай материалдарды:
1) өткiзу пунктiн орнатудың орындылығын, жоспарланатын өткiзу қабiлетiн және ашылу мерзiмiн, құрылысқа (қайта жаңартуға) кететiн шығындардың есептемесiн, жабдықты, техника­лық жарақтауды, көлiк, инженерлiк және әлеу­меттiк-тұрмыстық инфрақұрылымды құру мен дамытуды, сондай-ақ қаржыландыру көздерiн көр­сете отырып, оны орнату туралы қолдаухатты;
2) жергiлiктi (облыстық) атқарушы органның өз аумағында өткiзу пунктiн орнатуға келiсiмiн (егер ол бастамашы болып табылмаған жағ­дайда) жiбередi.
Мемлекеттiк бақылау органдары өздеріне ұсынылған материалдарды қарайды және олар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бастамашыға өз қорытындысын жiбередi.
Бастамашы Кеден одағының сыртқы шекарасында автомобильдік өткізу пунктін орнату бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министр­лігінің Кедендік бақылау комитетіне, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы автомобиль­дік өткізу пункті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, ал темiр жол, әуе және теңiз (өзен) өткізу пункттерін орнату бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне жоғарыда көрсе­тілген материалдар мен мемлекеттiк бақылау органдарының қорытындыларын жiбередi.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер ми­нистр­лiгi өткізу пунктін орнату мәселесін шектес мемлекетпен келiседi, одан кейiн Кеден одағының сыртқы шекарасында автомобильдік өткізу пункті бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау коми­теті, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын­дағы автомобильдік өткізу пунктін орнату бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіз­дік комитетінің Шекара қызметі, ал Мемле­кет­тік шекара арқылы темiр жол, әуе және теңiз (өзен) өткiзу пунктiн орнату бойынша Қазақ­стан Респуб­ликасы Көлiк және коммуникация министрлiгi тиiстi келiсiм жобасын дайындайды.
10. Шекаралас мемлекетпен Келісімге қол қойылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Кеден одағының сыртқы шекараларында автомобильдік өткізу пунктін, Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу пунктін, ал Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi темiр жол, әуе және теңiз (өзен) өткізу пунктін орнату туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкiметiне мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген, халықаралық қатынас түрі мен сипаты, жұмыс істеу тәртібі, мәртебесі және жұмыс режимі бойынша олардың сыныпталуын көрсете отырып, өткізу пунктін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысы­ның жобасын ұсынады.
11. Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пунк­тiн орнату туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдаған шешім объектiлердi жоба­лау­ға, салуға (қайта жаңартуға), жайластыруға және өткiзу пунктiн техникалық жарақтан­дыруға қаржыландыруды ашу, көлiк, инженер­лiк және әлеуметтiк-тұрмыстық инфрақұрылым құру және дамыту үшiн, сондай-ақ онда бақы­лау органдарының бөлімшелерін құру үшiн негiздеме болып табылады.
3. Өткiзу пункттерiнiң жұмыс істеу тәртібi
12. Кеден одағының сыртқы шекарасында автомобильдік өткiзу пунктiн орнату туралы Үкiметтің шешiмi қабылдағаннан кейiн Қазақ­стан Республикасы Қаржы министрлігінің Ке­ден­­дік бақылау комитеті, Қазақстан-Ресей мем­лекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу пунктін орнату бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, ал темiр жол, әуе және теңiз (өзен) өт­кізу пункттерін орнату бойынша – Қазақстан Рес­публикасы Көлiк және коммуникация ми­нистр­лiгi өткiзу пунктiн жобалау, салу (қайта құру), жабдықтау және техникалық жарақтан­ды­ру жө­нiн­де тапсырыс берушiнiң функциясын атқарады.
13. Тапсырыс берушi мүдделi мемлекеттiк органдар ұсыныстарының негiзiнде «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өткiзу пунктiн жобалауды және салуды, сондай-ақ өткiзу пунктiн салу (қайта құру) аяқталғаннан кейін аяқталған объектiнi қабылдауды қамтамасыз етедi.
14. Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункт­терiн жабдықтау және ұстау теңгерiмiнде осы өткiзу пунктi болатын мемлекеттiк органға жүктеледi.
15. Өткiзу пунктiнiң жалпы жұмыс тәртiбi (жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, тех­но­логиялық үзiлiстерi, кестелерi, Мемлекеттiк шекара арқылы жүретiн көлiк құралдары мен жүк­тердiң қозғалыс кестелерi) халықаралық келiсiм­мен немесе көлiк ұйымдары әкiмшi­лiгi­мен (әуе­жайдың, теңiз немесе өзен порт­тары­ның, шекара­лық темiр жол вокзалының, станц­ия­лардың және өзге де көлiк кәсiпорындарының бастықтарымен) келiсiм бойынша бақылау органдары басшы­ларының бiрлескен шешiмiмен бекiтiледi.
Өткiзу пунктiнiң жалпы жұмыс тәртiбi шекаралас мемлекеттердiң шекара өкiлдерiмен келiсiледi.
16. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес бажсыз сауда дүкендерiн қоспағанда, Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде қызмет көрсету саласының объектiлерiн орналастыруға рұқсат етілмейді.
17. Нақты өткiзу пункттерiнiң жергiлiктi жағдайларын ескере отырып, бақылау органдары басшыларының бiрлескен шешiмдерiмен және көлiк ұйымдары әкiмшiлiктерiнiң келісімі бойынша өткiзу пунктiнде Қазақстан Республи­касының Мемлекеттiк шекарасы арқылы жеке тұлғаларды, көлiк құралдары мен жүктердi өткiзудiң бiрлескен технологиялық схемалары қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орган­дарының адамдар, көлiк құралдары мен жүктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтетiн кезде оларды өткiзу пунктте­рiн­де бақылауды жүргiзген кезде өзара іс-қимыл тәртiбi мемлекеттік бақылаушы органдардың бірлескен актісімен айқындалады.
18. Бақылау органдары мен көлiк ұйым­дарының әкiмшiлiктерi өткiзу пункттерiнде өздерiнiң қызметiн мынадай негiзгi бағыттар бойынша үйлестiредi:
1) өткiзу пунктiнде қалыптасқан жағдайды бiрлесiп талдау, жолаушы және жүк ағында­ры­ның өзгеруі бойынша үрдiстердi, жеке тұлға­лар­дың Мемлекеттiк шекарадан өту және шекара арқылы көлiк құралдары мен жүктердi өткiзу ережелерiн ықтимал бұзушылықтарды болжау;
2) өткiзу пунктiнiң жұмысын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және iске асыру;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтудiң бiрлескен техноло­гия­лық схемалары мен өзара iс-қимыл жоспарларын әзiрлеу және бекiту.
4. Өткiзу пунктiнің жабылу тәртібі
19. Өткiзу пунктi уақытша немесе толық жабылуы мүмкiн.
20. Өткiзу пунктiн уақытша жабу мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша төтенше жағдайлар, дүлей апат­тар, техногендiк сипаттағы ахуалдар, адам­дар­дың ка­ран­тиндік және аса қауіпті инфек­ция­лық ауру­лары­ның және/немесе Халықаралық эпизоотика­лық бюро тізіміне енгізілген жануарлар ауру­лары­ның, карантиндік зияикестердің, өсімдік ауру­лары­ның немесе арамшөптердің таралу қаупі жағ­дайында және көлiк қатынасын жүзеге асыруға немесе бақылау органдарының жұмыс iстеуiне мүм­кiндiк бермейтiн басқа да жағдайларда, сани­тар­лық-эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайларда;
2) өткізу пунктін салу (қайта жаңарту) көр­сетілген өткізу пунктінде мемлекеттік бақылау­ды жүргізуге кедергі келтірген жағдайда жүргізіледі.
Қажеттi жағдайларда (Мемлекеттiк шекараны бұзушыларды iздеген, өткiзу пунктi ауданындағы криминогендiк ахуал шиеленiскен жағдайларда, санитариялық-эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда және ел аумағына жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелінуін болдырмау мақсатында) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасымен, Қазақстан Рес­публикасы Бас мемлекеттiк санитариялық дә­рi­герi­мен келiсiм бойынша Шекара қызметi ди­рек­торының шешiмiмен Қазақстан Республика­сы­ның шекара өкiлдерi шекаралас тараптың өкiлдерiн хабардар ете отырып, нақты өткiзу пунктiнiң жұмысына уақытша шектеулер енгiзiлуi мүмкiн.
21. Қазақстан Республикасының халықара­лық шарттарында көзделген тәртiппен өткiзу пунктiн уақытша жабу туралы шешiмдi қабылдау немесе бұзу туралы Қазақстан Республикасымен шекаралас мемлекеттерге, ал қажет болған жағдайда – басқа да мүдделi мемлекеттерге дипломатиялық арналар бойынша хабарланады.
22. Уақытша жабылатын өткiзу пунктiнiң жұ­мысы қайта басталғанға дейiн бақылау ор­ган­да­рының құрылымдық бөлiмшелерi тараты­луға жатпайды және өздері бағынатын тиiстi басшы­лар­дың шешiмi бойынша қызметті жүзеге асырады.
23. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы көлiк қатынасын тоқтату туралы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшiне енуi;
2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиiстi халықаралық шартқа өз­герiстер енгiзу не өткiзу пунктiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң орынсыздығы немесе мүмкiн болмай­тындығы туралы Қазақстан Республика­сының мүд­делi мемлекеттiк органдарының, об­лыстардың жергiлiктi атқарушы органдары­ның ұсынымы бо­йынша Қазақстан Республи­касының одан шығуы;
3) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттан қатысушы мемлекеттiң шығуы негізінде өткiзу пунктi толығымен жабылуы мүмкін.
24. Өткiзу пунктiн толық жабу кезiнде жабудың бастамашысы өткiзу пунктiн жабу туралы барлық мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiлген қорытынды дайындайды және оны Үкiметтiң қарауына енгiзедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өткізу пунктін жабу туралы шешімі өткізу пунктінің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Жарияланды: 22 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту