Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі   №560 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 92 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:
« Қант өндіретін кәсіпорындардың тізбесі*
 
Р/с
№    Қант өндіретін кәсіпорындардың атауы       
1    «Орталық Азия Қант Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі    
* Кәсіпорындардың тізбесі кәсіпорындарды шикі қант құрағынан қант өндіретін зауыттарға жатқызудың мынадай өлшемдеріне сәйкес қалыптастырылады:
1) кәсіпорынның шикі қант құрағын өңдеуге арналған технологиялық жабдығының болуы;
2) шикі қант құрағынан ақ қанттың сериялық өндірісінің болуы;
3) кәсіпорындардың алдағы күнтізбелік жылға арналған жобалық қуаты.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Жарияланды: 22 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту