Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «22» сәуірдегі № 242 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1075-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

2) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтерімен жаңа шарт жасасады.

Егер Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда ақшалай мәндегі өтпелі активтер сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып беріледі.

Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Егер Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.»;

19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын сатып алу тауар өндірушілерден тікелей жүзеге асырылады.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өндірумен байланысты шығындарды алдын ала қаржыландыру жолымен азық-түлік тауарларының жоспарланған көлемін кепілді сатып алу мақсатында мамандандырылған ұйыммен азық-түлік тауарларын тауар өндірушілерден сатып алуға фьючерстік және форвардтық шарттар жасасуға жол беріледі. Бұл ретте көрсетілген шарттардың орындалуына жауапкершілік тиісті шарт жасасқан мамандандырылған ұйымға жүктеледі.»;

4) көрсетілген Қағидаларға қосымшада:

«4. Тараптардың міндеттері» деген бөлімде:

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) азық-түлік тауарларын тауар өндірушілерден тікелей сатып алуды жүзеге асыруға;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) осы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтерді ескере отырып, жаңа шарт жасасуға;»;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) Тұрақтандыру қорлары таратылған жағдайда азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатын жергілікті бюджетке қайтаруға міндетті. Егер Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса (тапсырыс берушінің жазбаша хабарламасына сәйкес), онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.»;

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Жарияланды: 19 мамыр 2016

Мұрағат

Мамыр
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту