Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «5» тамыздағы № 878  қаулысы

«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы»  2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған:

1) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шартының;

2) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шартының;

3) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуының үлгі шартының нысандары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

ҚР Үкіметінің  2014 жылғы «5» тамыздағы № 878 қаулысына қосымша

Жарияланды: 21 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту