Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «27» тамыздағы № 953  қаулысы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы
30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң)
8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO») шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі             К.Мәсімов

ҚР Үкіметінің  2014 жылғы 27 тамыздағы № 953  қаулысына қосымша

Жарияланды: 04 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту