Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «29» тамыздағы № 959  қаулысы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы
30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 3) тармақшасына, 7-бабының 7-тармағына және 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:
  2. Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары;
  3. Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже;
  4. Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары;
  5. Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары;
  6. жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше тәртібі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                    К.Мәсімов

ҚР Үкіметінің  2014 жылғы «29» тамыздағы № 959  қаулысына  қосымша

Жарияланды: 04 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту