Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «05» тамыздағы № 893 қаулысы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 50) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001ж., № 22, 274-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 және 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 820 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 384-құжат) 1-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтары алып тасталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік  жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 05 тамыздағы № 893 қаулысына қосымша

Жарияланды: 11 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту