Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «28» желтоқсандағы № 866 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 40-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:

«Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 5-бөлімде:

ескертпелер мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда штат санының лимиті шеңберінде ұйым басшылары қажет болған жағдайда лауазымдардың штат бірліктерін ауыстыруды жүзеге асыра алады.»;

«Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 8-бөлім:

мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:

«33. Білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар орта білім беру ұйымдарында білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыруға қажетті жағдайлар болған кезде конкурс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызмет берушілер болмаған жағдайда жергілікті бюджет есебінен ас әзірлейтін бөліктердің қызметкерлерін аспазшылар, асхана қызметкерлері, қоймашы) енгізуге жол беріледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі              Б. Сағынтаев

Жарияланды: 31 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту