Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №253 қаулысы

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 520-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді:
1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі №1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 303-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларында:
«Төлемақының жылдық ставкалары, %» деген бағандағы «1,24557», «1,24557» деген сандар «0,9816», «0,9816» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Жарияланды: 22 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту