Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 246 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ма­ман­дандырылған білім беру ұйымда­рында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті­нің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 нау­рыз­дағы № 317 қаулысына (Қазақстан Рес­публикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» маман­дан­ды­рыл­ған білім беру ұйымдарында дарынды балалар­дың оқуын төлеу үшін Қазақстан Рес­публи­касы Тұңғыш Пре­зидентінің – Елба­сының «Өркен» білім беру грантын тағайын­дау ере­жесі мен мөлшерінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Конкурсқа қатысуға «Назарбаев Зи­ят­керлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 (12) сыныптарында оқуға үміткер және Жұмыс органы айқын­даған талаптарға сәйкес құ­жат­тарын ұсынған, білім беру ұй­ымдарының оқушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – үміткерлер) жібе­ріледі.»;
7-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Конкурстың екінші кезеңінің қо­рытындылары бойынша әр пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын алған үміткерлердің материалдары уәкілетті орган айқын­дай­тын тәртіп­пен комиссияның қарауына енгізіледі.»;
15-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1. Конкурстың екінші кезеңінде ықти­мал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орынның болмауына байланысты мектепке қабылданбаған үміткерлер оқу жылы ішінде орын босаған жағдайда оларды оқуға шақыру мақсатында комиссия бекітетін резервтік тізімге енгізіледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жа­рия­лан­ған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Жарияланды: 22 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту