Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «18» маусымдағы № 354 қаулысы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының                  Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2016 – 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 – 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2016 – 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 – 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу           орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта              білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға бекітілген мемлекеттік білім              беру тапсырысын орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

         3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күніненкейін күнтізбелік он                      күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысына қосымша

 

 

 

Жарияланды: 22 маусым 2016

Мұрағат

Маусым
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту