Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «23» мамырдағы № 300 қаулысы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 653-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін 2015 жылғы 23 мамырдан бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау мүмкіндігімен,
2017 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде шарап материалын, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен қайта таңбалау жүзеге асырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 497-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 2041 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1473 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 123-құжат).

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Жарияланды: 17 маусым 2016

Мұрағат

Маусым
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту