Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 12 қазандағы №1299 қаулысы


«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                          С. АХМЕТОВ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы №1299 қаулысымен бекітілген


Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерi мен олардың
отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен
жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары
мен нормалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормалары (бұдан әрі – Қағидалар мен нормалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 73, 77 және 78-баптарына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерi (бұдан әрі – қызметкерлері) мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу тәртібі мен нормаларын белгілейді.

2. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерi мен олардың
отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен
жол жүру шығындарын өтеу тәртібі мен нормалары

2. Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу мына адамдарға жүргізіледі:
1) қызметкерлерге (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мынадай оқиғалар кезінде:
медициналық көрсеткіштер бойынша стационарлық емделуге бару мен кері қайту;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық тексеруге (куәландыруға) бару және кері қайту;
қызметі бойынша ауысуы;
Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметтен босатылуы;
2) арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына келесі оқиғаларда:
стационарлық емделуге бару мен кері қайту;
еңбек демалысқа бару мен кері қайту;
Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметтен босатылуы;
2) қызметкердiң онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерiне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқаларға) мынадай оқиғалар кезінде:
қызметкердің қызмет бойынша ауысуы;
қызметкердің Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 13) тармақшаларында айтылған жағдайлардан басқа қызметтен босатылуы;
Қызметкерлердiң отбасы мүшелерi деп жұбайы (зайыбы), ерлi-зайыптылардың ортақ немесе бiрiнiң кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары; бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмiнде оқитын 23 жасқа дейiнгi (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; 18 жасқа дейiн мүгедек болған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) мүгедек балалары және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; қызметкердiң асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы түсініледі. Қызметкердің асырауындағы адам деп оның табысы есебінен өмір сүретін және жеке табыс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады.
3. Қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерiнің шығындарын өтеу болған оқиғаның фактісі бойынша және қызметкерлер штатында (қарамағында) болатын арнаулы мемлекеттік органның мекемесі (бұдан әрі – мекеме), ал қызметкер қызметтен босатылған жағдайда – ол таңдаған тұратын жері бойынша аумақтық орган жүзеге асырылады.
Қызметкер қызметі бойынша ауысқан кезде шығындарды өтеуді, қызметкер қызметін одан әрі өткеру үшін келген мекеме жүзеге асырады.
4. Қызметкердің қызмет орнынан немесе тұратын жерінен оқиғаның өткізілетін жеріне дейінгі жолына берілген мынадай:
1) темір жолмен жол жүру кезінде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист» және «Бизнес» класты вагондарын қоспағанда) тарифi бойынша;
2) су жолдары арқылы су көлігімен, тас және топырақ жолдар арқылы автомобиль көлігімен жол жүру кезінде – сол жергiлiктi жердегi қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;
3) ерекше жағдайларда – жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист» және «Бизнес» класты вагондарының тарифтерi бойынша темiр жол көлiгiмен және әуе көлiгiмен – экономикалық сынып тарифi бойынша:
стационарлық емделуге – дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының жазбаша растау хатымен;
қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда – мекеме басшысының жазбаша рұқсатымен;
4) егер елдi мекеннен тыс жерде орналасса, темiр жол станциясына, айлаққа, әуежайға автокөлiкпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;
5) жол жүру билеттерiн броньдау құнын, сондай-ақ төсек керек-жарақтарын пайдалану құнын растайтын жол жүру құжаттарының негізінде ақы төленуге тиіс.
5. Көлік уақтылы келмесе немесе жөнелтiлмеген жағдайда, қызметкер жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешiккенi туралы куәландыратын құжат бередi.
6. Жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы Қағидалар мен нормалардың 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша жолаушының өтініші бойынша тасымалдаушы беретін құжат негізінде өтеледi.
7. Қызметтен босатылған қызметкерге, арнаулы (әскери) оқу орнының курсантына жол жүру шығындарын өтеген жағдайда аумақтық орган аталған тұлға таңдаған тұрғылықты мекенжайы бойынша мекемелерден тұлғаның қызмет өткерген жерінен қызметтен босату бұйрығынан үзінді көшірме сұратады.
8. Жол жүру шығындарын өтеуді жүзеге асыру үшін қызметкер, арнаулы (әскери) оқу орнының курсанты оқиға аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалар мен нормалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баянат – қызметкерлер мен арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары үшін;
2) осы Қағидалар мен нормалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш – қызметтен босатылған қызметкерлер мен арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары үшін;
3) осы Қағидалар мен нормалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге немесе медициналық тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық көрсеткіштерінің бар екендігі туралы көрсете отырып, қабылданған стационарлық емі және медициналық тексерілу (куәландыру) туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы – қажет болған жағдайда;
4) жол жүру құжаттары;
5) қызметкер қызметтен ауысқан немесе босатылған жағдайда – қызметкердің отбасы құрамы туралы мекеменің кадрлар бөлімшесінің анықтамасы;
6) қызметтен босатылған қызметкерлер, арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары үшін заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттары;
7) қажет болған жағдайда – осы Қағидалар мен нормалардың 4-тармағының 3) тармақшасында және 5, 7-тармақтарында көрсетілген құжаттар.
9. Жол жүру шығындарын өтеу осы Қағидалар мен нормалардың 8-тармағында көрсетілген, дұрыс ресімделген құжаттар толық көлемде алынған күннен бастап банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

3. Жеке мүлікті тасымалдауға жұмсалған шығындарды
 өтеу тәртібі мен нормасы

10. Қызметкер қызметі бойынша ауысқан кезде арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа, сондай-ақ қызметтен босатылған кезде Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, оған салмағы он тоннаға дейінгі жеке мүлікін бұрынғы қызмет (тұрғылықты жері) орнынан жаңа қызмет (тұрғылықты жері) орнына дейін тасымалдау шығындары өтеледі.
11. Жеке мүлікті тасымалдау салықтарды қоса алғанда, оқиға болған сәтте қолданыстағы тарифтер бойынша темір жол, су немесе автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Бұл ретте мынадай қызмет түрлері өтеледі:
1) контейнер ұсыну;
2) құжаттарды нарықтау мен рәсімдеу;
3) контейнерді тиеу мен түсіру жөніндегі кранның жұмысы;
4) контейнерді пломбылау;
5) контейнерді қызмет (тұрғылықты жері) орнынан станцияға (портқа) дейін және станциядан (порттан) қызмет (тұрғылықты жері) орнына дейін жеткізу;
6) контейнерлік алаңға кіру;
7) контейнерді тазалау;
8) экспедиторлық қызметтер;
9) есептесу операциялары;
10) контейнерге жапсырма жапсыру;
11) автомашина ұсыну.
12. Жеке мүлікті тасымалдау жөніндегі шығыстарды өтеу баянаттың (өтініштің) (өтініш берушінің мәртебесіне қарай осы Қағидалар мен нормаларға 1 және 2-қосымшалар) және құжаттарды ресімдеу жөніндегі жүргізілетін шығыстар мен жүктерді жөнелту және жеткізу туралы берілген құжаттар негізінде дұрыс ресімделген құжаттар алынған күннен бастап банктік 5 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
__________________________

Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларына 1-қосымша


Кімге:___________________________________
(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына)

Шығындарды өтеуге арналған
баянат

Сізден__________________________________________________________
____________________________________________________________________
(оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
______________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
… __________________________________________________________________

______________________________                    _______________
 (лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)                             қолы
"_____" ___________ ______ жылғы
 (күні) (айы) (жылы)

Бастық: __________________________ __________________ ________________
         (бөлімше, атағы)                (қолы) (Т.А.Ә.)

__________________________


Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларына 2-қосымша


Кімге:___________________________________
(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына)
Кімнен:_________________________________
(өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________ тұратын
тел. ____________________________________


Шығындарды өтеуге арналған
өтініш

Сізден_____________________________________________________ үшін
(оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
маған шығындарды өтеуді сұраймын.
Тиесілі соманы _________________________________________________
___________________________________________________ аударуды сұраймын
 (облыс, аудан, қала, алушының мекен-жайы)
_________________________ банктің № _________________ филиалы
Дербес немесе карт-шот _______________________________________________
Алушының СТН _________________________ ЖСН _______________________
Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
… __________________________________________________________________

"_____" ___________ ______ жыл         Өтініш беруші _________ __________
         (күні)                    қолы (Т.А.Ә.)

Бастық: _________________________ __________________ _________________
         (бөлімше, атағы)         (қолы) (Т.А.Ә.)

___________________________
Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларына 3-қосымша


Анықтама

________________________________________________________ берілді,
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
ол ________________________________________________________________
             (емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі)
____________________________________________________________________
(медициналық көрсеткіштері көрсетіледі)
_________________________________ медициналық көрсеткіштері бойынша

_____ жылғы «___»___________ _____ жылғы «____»___________ аралығында

 _______________________________________ көрсетілді.
 (медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)

Анықтама Қазақстан Республикасының аумағында жол жүру шығындарын өтеу үшін берілді.

М.О.

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның төрағасы _______ _______________
 (қолы) (Т. А.Ә.)

___________________________

Жарияланды: 17 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту