Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қазандағы №1341 қаулысы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi  С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 23 қазандағы №1341 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік (бұдан әрі – сәйкестік куәлігі) беру тәртібін белгілейді.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) әуе кемесi (бұдан әрі – ӘК) – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесудi болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
2) дәлелдемеу құжаттамасы – авиациялық техникаларды тексеру, сынау, зерттеу мен техникалық жай-күйін бағалау нәтижелерін қамтитын құжаттама;
3) өтініш беруші – азаматтық әуе кемесінің данасын (бұдан әрі – АӘКД) сертификаттау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтінім жасаған жеке немесе заңды тұлға;
4) дайындаушы – ӘК дайындауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
5) ӘК түрлендіру – ӘК-нің қабылданған конструциясын және (немесе) олардың ұшу жарамдылығына елеулі әсерін тигізетін немесе қоршаған ортаға әсер ететін сипаттамаларын қозғайтын құрамдастарын кез келген түрде өзгерту;
6) ұшуға жарамдылық нормалары (бұдан әрі – ҰЖН) – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемелерінің конструкциясына, параметрлері мен ұшу сапаларына және олардың құрамдастарына қойылатын талаптар;
7) әзірлеуші – авиациялық техниканы әзірлеуді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
8) үлгі сертификаты – азаматтық ӘК үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
9) техникалық сараптамалық комиссия – ұшу аппаратының конструкциясына, ұшу сипаттамаларына сараптамалық және оның техникалық жай-күйі мен ұшуларға жарамдылығын анықтауды жүзеге асыру үшін уәкілеттік берілген сараптамалық ұйымның тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органы;
10) АӘКД ҰЖН-ға сәйкестік куәлігі – АӘКД конструкциясының сәйкестігін, сипаттамалары мен пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат;
11) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) АӘКД пайдалану құжаттамасы – АӘКД ұшу және техникалық пайдалануды регламенттейтін (реттейтін) құжаттар жиынтығы, ол нақты АӘКД және оның құрауыштарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, сондай-ақ пайдалану шарттары мен пайдалану шектеулерін қамтиды;
13) сараптамалық ұйым – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйым және (немесе) әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;
14) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
4. Бекітілген үлгілік конструкциясы (үлгі сертификаты) жоқ әрбір АӘКД-ны оның Қазақстан Ресубликасының азаматтық ӘК конструкциясының, сипаттамалары мен пайдалану-техникалық құжаттамасының ҰЖН-ға сәйкестігіне уәкілетті орган сертификаттауы тиіс.
Сәйкестік куәлігі берілген ӘК коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға жіберілмейді.
5. Осы Қағидаларда қамтылған рәсімдер мен жалпы техникалық талаптар жеңіл авиацияның ең жоғары ұшу салмағы 2250 кг-нан аспайтын АӘКД (ұшақтар мен тікұшақтар, моторлы планерлер, автожирлер, аэростатикалық әуе кемелері) қолданылады.
6. Авиациялық техниканың данасын дайындау сапасын, техникалық жай-күйін, дәлелдеу және пайдалану құжаттамасын, аэродинамикалық және беріктік сипаттамаларын, сертификаттау рәсімдерінің орындалуына, сертификаттау сатыларындағы жұмыстардың нәтижелерін сараптамалық бағалау мақсатында сараптамалық ұйым тұрақты жұмыс істейтін техникалық сараптамалық коммиссия құрады. Техникалық сараптамалық комиссияның құрамы уәкілетті органмен келісіледі.
Техникалық сараптамалық комиссиясының құрамына ӘК пайдалануда практикалық тәжірибелері бар білікті техникалық сарапшылар мен ұшқыштар, сертификаттау орталықтарының, ғылыми-зерттеу, сынақ жүргізетін және басқа да ұйымдардың мамандары осы ұйымдардың басшыларымен келісуі бойынша енгізіледі.
7. АӘКД түрлендіру кезінде ол екінші қайта сертификаттауға жатады.
2. АӘКД сертификаттау тәртібі
8. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АӘКД-ні сертификаттауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім береді.
Өтінімге:
1) ӘК данасының пайдалану құжаттамасының жиынтығы;
2) ӘК данасының ерекшелігі, ол қысқаша техникалық сипаттаманы, жүйелердің басты схемаларын, негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ ӘК данасы сертификатталатын ауқымдағы, пайдаланудың күтілетін жағдайлары мен шектеулерін қамтуы тиіс;
3) ӘК-нің үш проекциядағы немесе фотографиядағы түрлі кескіндердегі түрлері: алдынан, бүйірінен, артынан;
4) ӘК немесе құрастыру жиынтығын, қозғалтқышты, қалақты, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алудың заңдылығын растайтын бастапқы төлем құжаттары.
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
9. Уәкілетті орган өтінімді алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде АӘКД-ға қойылатын белгіленген талаптарға АӘКД-нің сәйкестігін бағалау жөнінде жұмыс жүргізуді сараптамалық ұйымға тапсырады.
10. Техникалық сараптамалық комиссия ӘК аэродинамикалық және беріктік сипаттамаларын, конструкциясын, оны дайындау сапасын (күрделі жөндеу), АӘКД-ге қойылатын белгіленген талаптарға АӘКД-нің сәйкестігін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес техникалық жай-күйін бағалайды.
Бағдарлама:
1) конструкторлық және пайдалану құжаттамасын тексеруді;
2) констуркцияны, тораптарды, агрегаттарды, жүйелер мен жабдықтарды егжей-тегжейлі тексеруді (аспаптық бақылауды қолдануды қоса алғанда).
3) жер үсті және ұшу сынақтарын жүргізуді қамтиды.
Техникалық сараптамалық комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін екі дана АӘКД ұшу – техникалық тексеру актісін және екі дана АӘКД ұшу сараптамасының хаттамасын рәсімдейді, оның бірінші данасы өтініш берушіге, екіншісі уәкілетті органға беріледі.
11. АӘКД сертификаттаудың жалпы мерзімі өтінім берілген күннен бастап 30 жұмыс күнін құрайды.
Егер осы Қағидаларда белгіленген мерзімде уәкілетті орган өтініш берушіге сәйкестік куәлігін бермесе немесе дәлелді жазбаша бас тарту ұсынылмаған жағдайда, оны беру мерзімі аяқталған күннен бастап сәйкестік куәлігі берілді деп есептеледі.
12. Техникалық сараптамалық ұйым уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық сараптамалық комиссия берген АӘКД-нің техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау актісін мынадай құжаттармен бірге жібереді:
1) техникалық сараптамалық комиссия 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берген ҰЖН сәйкестік куәлігінің деректер картасы;
2) техникалық сараптамалық комиссияның АӘКД ұшу-техникалық тексеру актісі;
3) АӘКД ұшу сараптамасының хаттамасы;
4) АӘКД техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламентін);
13. АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі негізінде уәкілетті орган өтініш берушіге осы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігін береді.
АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтаудың теріс актісі жағдайында уәкілетті орган АӘКД ҰЖН беруден бас тартады. Бұл ретте өтініш берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде осы актіні алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде дәлелді жауап беріледі.
14. АӘКД конструкциясына, оның құрауыштарына немесе пайдалану құжаттамасына өзге­рістерді жүзеге асырған АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің ұстаушысы бір ай мерзімнің ішінде уәкі­летті органды осы өзгерістер туралы хабардар етеді және АӘКД-ны қайта сертификаттауға ұсынады.
15. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігін беруді және оның қолданылу мерзімін ұзартуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
16. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің қолданылуы мына жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) егер уәкілетті орган сертификаттаған АӘКД немесе оның пайдалану құжаттамасына уәкілетті органмен келісілмеген, осы Қағидаларда көзделген рәсімдер бұзыла отырып, өзгеріс немесе толықтыру енгізілсе;
2) жоғалған немесе бүлінген жағдайда;
немесе мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) осы АӘКД пайдалану үдерісінде оның ұшу жарамдылығын бұзуға және ұшудың қауіпсіздігіне қатер төндіруге байланысты кемшіліктер анықталса;
2) ұшу жарамдылығын бұзуға әкелген авиациялық оқиға болған немесе АӘКД зақымдалған жағдайда.
Бұл ретте, уәкілетті орган АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің қолданылуы тоқтатылса және тоқтатылғандығы туралы пайдаланушыға осы куәліктің қолданылуының тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына әкелген себептер анықталған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайда АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің ұстаушысы хабарлауы немесе тоқтатыла тұрған жағдайда АӘКД сертификатын уәкілетті органға 5 жұмыс күні ішінде қайтаруы тиіс.
17. АӘКД сертификатының қолданылуын жаңарту оның қолданысын тоқтата тұруға әкелген себептерінің жойылғаны туралы актіні уәкілетті органға берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
18. АӘКД сертификаты қолданысының тоқтатыла тұруына негіз болған себептер жойылмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті өтінімді алғаннан бастап 15 жұмыс күні ішінде АӘКД сертификатының қолданысын жаңартудан бас тартады. Бұл ретте, өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
19. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі жоғалған немесе бүлінген жағдайда уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынудың негізінде оның телнұсқасын беру жүргізіледі:
1) АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі ұстаушысының АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігін жоғалтудың немесе бүлінуінің себептері мен жағдайлары көрсетіліп, еркін нысанда ресімделген АӘКД сертификатының телнұсқасын беру туралы өтініші;
2) егер жарамсыз болса, АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі.
20. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің телнұсқасын беру өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Куәлік телнұсқасының жоғары оң жақ бұрышына «Телнұсқа» белгісі қойылады.
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларына 1-қосымша
Уәкілетті органның
басшысына
ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ ДАНАСЫН СЕРТИФИКАТТАУҒА АРНАЛҒАН
ӨТІНІМ
_______________________________________________________ тиесілі.
(АӘКД иесі)
________________, әуе кемесінің данасына сертификаттау жүргізуді өтінемін
(АӘКД атауы)
Мекенжайы мен телефоны ___________________________________________
Әуе кемесі туралы негізгі мәліметтерді хабарлаймын :
Әуе кемесінің түрі __________________________________________________________
(ұшақ, тікұшақ, планер, аэростатикалық әуе кемесі және т.б.)
Пайдаланылған конструкторлық құжаттама
_________________________________________________________________
(жеке жоба, прототипі бар, дайын КҚ, қалпына келтірілген ӘК және т.б.)
Мына жағдайларда жасалған _______________________________________________
(жеке, техникалық клубта, зауытта және т.б.)
АӘКД пайдалану ____________________________________________
Пайдаланудың күтілетін шарттары _____________________________
Мен ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауап беремін.
Сараптама үшін мәлімденген ӘК оған қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы куәландыратын фактілер маған белгілі емес.
Өтініш беруші ____________ /_________________/
қолы тегі, аты-жөні
20_ ж. «__» __________
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларына 2-қосымша
Әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау
АКТІСІ
__________________________________________________________________________
(уәкілетті органның қарауындағы ұйымның аталуы )
« » _______ 20 ___ жылы № ________ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
Төрағасы: __________________________________________________________
(аты-жөні, қызметі)
Комиссия мүшелері: _________________________________________________________
(аты-жөні, қызметі)
__________________________________________________________________________
(аты-жөні, қызметі)
Ұшу жарамдылығын сертификаттау бағдарламасы бойынша
______________________________________________________ бағалау жүргізді
(ұйымның атауы)
Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығын бағалау актісінің мәтіні
Актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамасының, әуе кемесі мен оның жабдығының азаматтық әуе кемесінің данасына белгіленген талаптарға және азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерге мәлімделетін ұшу түрлеріне сәйкестігі (сәйкессіздігі) көрсетіледі.
Төраға: _______________________ _______________________
(аты-жөні)         (қолы)
Комиссия мүшелері: _______________ _______________________
(аты-жөні)         (қолы)
_______________________ _______________________
(аты-жөні)         (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы ________________________ ___________________
(аты-жөні)         (қолы)
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларына 3-қосымша
ДЕРЕКТЕР КАРТАСЫ
(Аэростатикалық әуе кемесінің жеке данасын қоспағанда, азаматтық әуе кемесінің данасы үшін)
Осы деректер картасы № _____ сәйкестік куәлігінің ажырамас бөлігі болып табылады_____________________________________________________________________________ және азаматтық әуе кемесінің данасының негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын қамтиды
(ұшақ, тікұшақ, автожир және т.б., оның атауы)
1. Қозғалтқыш (қозғалтқыштар) __________________________________________
1) қуаты, л.с. ____
2) ең жоғары айналымдары, айн/мин _______
2. Әуе винті____________________________________________
3. Отын ___________________________________________________
4. ӘК-нің ең жоғары ұшу салмағы, кг _______
5. Теңдестіру:
1) ең шекті -алдыңғы, % _______
2) ең шекті-артқы, % _______
6. Жүк көтергіштігі, кг _______
7. Жылдамдық бойынша шектеулер:
1) ең жоғары рұқсат етілген, км/с __________
2) ең төменгі рұқсат етілген, км/с __________
3) ұшып көтерілу кезіндегі ажырау жылдамдығы, км/с ________
4) қону кезіндегі түсу жылдамдығы, км/с ____
8. экипаж құрамы, адам ________
9. ұшуды орындау үшін метеожағдайлар:
1) бұлттардың биіктігі, м _______________
2) көлденең көріну, м _____
3) жел, м/с _____________:
4) ұшуға көтерілгендегі, м/с _____________:
5) қарсы жел, м/с _____________
6) жолай жел, м/с ______________
7) 90 градустағы, м/с __________
8) қону кездегі, м/с _____________:
9) қарсы жел, м/с _____________
10) жолай жел, м/с ______________
11) 90 градустағы, м/с __________
12) қоршаған ауаның температурасы, град. 0С ______
10. Тыйым салынған: _______________________________________________
АӘКД тексеруді жүргізген ұйымның басшысы
_________/_________________/
қолы аты-жөні                М.О.
20__ ж. «__» ___________
ДЕРЕКТЕР КАРТАСЫ
(Аэростатикалық әуе кемесі данасына)
Осы деректер картасы № _______ сәйкестік куәлігінің ажырамас бөлігі болып табылады және аэростатикалық әуе кемесі данасының негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын мазмұндайды.
____________________________________________________________________
(аэростатикалық әуе кемесі)
1. Жалпы мәліметтер:
Класс
Түрі
Айырым белгісі
Сәйкестендіру №
Дайындалған күні
Пайдалану басталғаннан бергі ұшу
2. Сырты:
Айырым белгісінің болуы
түсі және өзіндік белгілері
сыртының көлемі
зауыттық нөмірі
дайындаушы
3. Негізгі жинақтаушы бұйымдар (зауыттық N, жасалған күні, дайындаушы)
Гондола
Шілтер
Газ балондарының жинақтамасы
4. Отынның түрі
5. Негізгі сипаттамалары мен шектеулері
Р/с №     Параметрлері     Формуляр бойынша     Сәйкестік бағасының нәтижелері бойынша
1.    Газ баллонына толтырылатын отынның көлемі, л
2.    Сыртын қыздырудың ең шекті температурасы, град. 0С
3.    Бос аэростаттың салмағы, кг
4.    +15 град. 0С, температура кезінде ұшқыш пен жолаушыларды қоса есептегендегі қажетті жүктің салмағы, кг
5.    Ең жоғары ұшу биіктігі, м
6.    Биіктеу режиміндегі Vу, м/с
7.    Төмендеу режиміндегі Vу, м/с
8.    Ұшуларды орындау үшін метеожағдайлар:
Қоршаған ортаның температурасы, град. 0С
Жер төңірегіндегі жел жылдамдығы, м/с
Азаматтық әуе кемесінің данасын тексеруді жүргізген ұйымның басшысы
_________/_________________/
қолы аты-жөні                М.О.
20__ ж. «__» ___________
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларына 4-қосымша
-Елтаңба-
_______________________________________________________
Уәкілетті орган
Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы
нормаларына сәйкестік куәлігі
№ ____
сәйкестендіру № __________________ азаматтық әуе кемесінің данасы
____________________________________________________________________
(ұшақ, тікұшақ, автожир, аэростатикалық әуе кемесі және т.б., оның пайдаланылуы)
азаматтық әуе кемесінің данасына қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес.
__________________________________________________________________
(ұшақ, тікұшақ, автожир, аэростатикалық әуе кемесі және т.б., оның пайдаланылуы)
азаматтық әуе кемесі жеке данасының негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамалары деректер картасында қамтылған, ол осы куәліктің ажырамас бөлігі болып табылады.
М.О. Уәкілетті органның басшысы
__________________________
(қолы) Т.А.Ә.
Азаматтық әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігінің күшіне
енген күні: _____ ж. «____» _________

Жарияланды: 17 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту