Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «06» наурыздағы № 109 қаулысы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»       1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының         4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Қостанай облысының мынадай білім беру және спорт ұйымдарына:

       1) «Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің балалар өнер мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Сералы Қожамқұловтың есімі;

       2) Қостанай облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Амангелді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік     мекемесіне – Ералхан Сейкеновтің есімі берілсін.

         2. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдары:

         1) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Красный Октябрь орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Қадір Кәрімов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

               2) «Сарыкөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің Сарыкөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Сарыкөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

         3) «Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің № 3 Қарабалық орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мұхамеджан Сералин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

           4) «Таран аудандық «Ұшқын» мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі – «Елубай Өмірзақов атындағы Таран аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                 Б. Сағынтаев

                                              

Жарияланды: 06 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту