Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «24» наурыздағы № 129 қаулысы

«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын және   «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
  3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
  4. ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
  5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
  6. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                            Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 129 қаулысына қосымша

Жарияланды: 06 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту