Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «31» наурыздағы № 151 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен»
білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Гранттың мөлшерлері:

  1. жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1865155 (бір миллион сегіз жүз алпыс бес мың бір жүз елу бес) теңгені;
  2. жатақханада тұруды есептегенде жылына 2781389 (екі миллион жеті жүз сексен бір мың үш жүз сексен тоғыз) теңгені құрайды.

Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.».

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі               Б. Сағынтаев

Жарияланды: 11 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту