Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1417 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы етеді:
1. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына (Қазақстан Рес­публикасының ПҮАЖ-ы, 2006., № 21, 204-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережеде:
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік органның шешімі бойынша оның тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын сараптамалық кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.»;
Мынадай мазмұндағы 7-1- тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Нормативтік құқықтық актінің жобасына осы Ереженің 7- тармағының үшінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауы отырыс өткізбестен, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне тарту жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қарау нәтижелері бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша сараптамалық кеңес төрағасының қолы қойылатын хаттама жасалады.
Аталған хаттама сарапшылар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі және нормативтік құқықтық акті жобасының міндетті қосымшасы болып табылады.»;
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерінің жинақталған пікірін білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және оларды қабылдағанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде нормативтік құқықтық актінің жобасына міндетті қосымша болып табылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
16. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді. Негіздемесі бар мұндай жауаптар оларды қабылдағанға дейін нормативтік құқықтық актінің жобасына міндетті қосымша болып табылады.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                          С.АХМЕТОВ

Жарияланды: 17 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту