Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы №1447 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.«Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 568-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37, 44, 51, 210, 262-бапта- рына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «бекітілсін.» деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4)Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары;
5) Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.».
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 15 қарашадағы
 № 1447 қаулысына
 1-қосымша

 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
 2010 жылғы 3 қарашадағы
 № 1150 қаулысымен
 бекітілген

Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну
қағидалары


1.Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес әзірленді және арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2.Кеден органдары сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есепті (бұдан әрі – есеп) алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғаларға талаптың тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.
3.Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар тіркелген орны бойынша кеден органына кеден органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.
Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға және бас бухгалтер қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады.
4.Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар кеден органының талабында белгіленген мерзімде кеден органына есептілікті ұсынбағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидаларына 1-қосымша
Нысан
 Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну туралы талабы

«______»____________20___ж. №___________________
 
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес
_______________________________________________________________________
(кеден органның атауы)

Сізге ___________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе есептілікті ұсынушы заңды тұлғаның толық атауы)
___________________________________________________________________________
(салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде толтырылады)
___________________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
___________________________________________________________________________
(тексерілетін тұлғаның заңды мекенжайы және орналасқан орны)

«____»__________ ____ж. «____»__________ ____ж. дейінгі кезеңде ресімделген сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есептілікті ұсынудың қажеттігі туралы хабардар етеді.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 14, 210-баптарына сәйкес Сізге есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидаларына 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өсу қорытындысымен сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есепті ұсыну қажет.


Кеден органының бастығы __________________________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
 
«___» _______________ 20__ ж. М.О.
 
2-қосымша
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидаларына 2-қосымша

Нысан
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын,
өткізілетін, қайта өңделетін және пайдаланылатын тауарлары туралы
есеп

 
Арнайы оңайла-тулардыпайдаланатын тұлға-лардың атауы     Арнайы оңайла-туларды пайдаланатын тұлға-лардың СТН (БСН)*    Транзит-тік декларацияның немесе ХЖТ кітапша-сының нөмірі     Оның аймағында тауарлардың кедендік тазартылуы жүзеге асырылған аумақтық кеден органының атауы    Тауар-ларға арнал-ған декларация-ның нөмірі    КОК-ның 20.09.2010 ж.
№ 378 шешіміне 1-қосымшаға сәйкес кедендік рәсімдер түрлерінің жіктеуішіне сәйкес кедендік рәсімдер түрінің коды     КО СЭҚ ТН коды    Тауарлар-дың атауы    Ста-тистикалық құн (АҚШ долл.)    Тауарлар-дың салмағы нетто / брутто (кг), қосымша өлшем бірлікте-ріндегі көлемі    Кедендік төлемдер мен салықтар -дың бюджетке төленуге жататын сомасы    Бюджетке төленген кедендік төлемдер мен салықтар-дың сомасы    КОК-ның 20.09.2010 ж.
№ 378 шешіміне 16- қосымшаға сәйкес арнайы оңайлатулар түрлерінің жіктеуішіне сәйкес арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалармен қолданылған арнайы оңайлатулар түрінің коды    Есепті тоқсан       
1    2    
3    4    5    6    7    8    9    10    11    12    13    14    

* - СТН – 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде толтырылады,
 - БСН - 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады.


Басшы _______________________ тегі, аты-жөні
 (қолы)

Бас бухгалтер _________________тегі, аты-жөні
 (қолы)
 
Заңды тұлғаның мөрімен расталады
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1447 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 қаулысымен бекітілген


Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну
қағидалары

1.Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-бабына сәйкес әзірленді және шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2.Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген кеден органына, аталған кеден органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.
3.Кеден органы есепті алу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғаларға талапты тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.
4.Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің (болуы) болмауы туралы анықтаманы алу өтінішімен бірге аталған тұлғалар, оның қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген кеден органына қайта ұйымдастырылған немесе таратылған күнгі жағдай бойынша шетелдік тауарлар бойынша есепті ұсынады.
5.Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, кеден органының талабында белгіленген мерзімде кеден органына есептілікті ұсынбағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидаларына 1-қосымша

Нысан
«___»____________ _____ж. бастап «___»_________________ _____ ж. дейінгі кезеңде
шетелдік тауарларды оның ішінде, оларға қатысты мөлшері Бірыңғай кедендік тарифпен
 белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждарының
 ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі
есеп*

тел. ____________/факс______________,
____________________________________,
 (тұлғаның атауы)
____________________________________, СТН, ЖСН, БСН
 (тіркеу мекенжайы)

 
Рс

     Тұлғаныңатауы

     СТНЖСН
БСН
     ТДЖКД№     Тауардыңатауы
     КОСЭҚТН
ҚРСЭҚТНтауаркоды
     РәсімкодыТДЖКДб

     Саныкгөлшембірлігі
     Тауардыңкедендікқұнытеңге
     
ТауардыңстатистикалыққұнытеңгеТДЖКДб     Тауардыңтүгендеунөміріболғанжағдайда     Аталғантауардың
бухесепбойыншатұрғаншотының№болғанжағдайда     Пайдаланылғантауардыңсаны
кгөлшембірлігі     Тауардың пайдаланылуы жөніндегі құжаттар
    Тауардыңқалдығыкгөлшембірлігі     Ескерту
        
                                                                 атауы    № және күні                 
1    2    3    4    5    6    7    8    9    10    11    12    13    14    15    16    17    

* - Есеп есептілік кезеңдегі айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша өсу қорытындысымен тоқсан сайын ұсынылады.
** - СТН – 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде толтырылады,
 - ЖСН/БСН- 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады.
***- Ескертпеде есепті ұсынған сәтте тауардың нақты тұрған орны көрсетіледі (ұңғыманың нөмірі, кен орны және т.б.)


Заңды тұлғаның/жеке тұлғаның басшысы
___________________ тегі, аты-жөні
(қолы)

Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (дара кәсіпкерде болған жағдайда) бас бухгалтері
________________ тегі, аты-жөні
 (қолы)
 
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (дара кәсіпкерде болған жағдайда) мөрімен расталады
Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидаларына 2-қосымша

Нысан


Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, есептілікті ұсыну туралы талабы

«______»____________20___ж. №___________________
 
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес
_______________________________________________________________________
(кеден органның атауы)
Сізді
___________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе есептілікті ұсынған заңды (жеке) тұлғаның толық атауы)
___________________________________________________________________________
(салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде толтырылады не жеке сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
___________________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
___________________________________________________________________________
(тұлғаның заңды мекенжайы және орналасқан орны)
 
«____»__________ ____ж. «____»__________ ____ж. дейінгі кезеңде ресімделген шетелдік тауар (лар) бойынша есептілікті ұсынудың қажеттігі туралы хабардар етеді.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 14, 210-баптарына сәйкес Сізге есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидасына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша шетелдік тауар (лар) жөнінде есептілік кезеңіндегі айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша өсу қорытындысымен есеп ұсыну қажет.
Кеден органының бастығы
___________________________________________
 (қолы, Т.А.Ә.)

«___» _______________ 20__ ж. М.О.
_______________________

Жарияланды: 17 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту