Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «06» қыркүйектегі № 543 қаулысы

«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы   29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының   8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
  2. 2. Облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
  3. бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;
  4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесі күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы ағымдағы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
  5. 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
  6. заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бекітілген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын аударуды;
  7. облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.
  8. 4. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі               Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 06 қыркүйектегі № 543 қаулысына қосымша

Жарияланды: 13 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту