Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «15» қыркүйектегі № 566 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. 1. «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу
    пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 551-құжат)
    мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 273 және 274-жолдармен толықтырылсын:

«

273 Ұлттық басқарушы холдинг үшін бухгалтерлік, салық есебі және қазынашылық операциялар саласындағы қызмет 69205
274 Ұлттық басқарушы холдинг үшін кадрлық іс жүргізу жөніндегі қызмет 78303

».

  1. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі              Б. Сағынтаев

Жарияланды: 13 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту