Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «15» қыркүйектегі № 568 қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес және Алматы облысы Талдықорған қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының  Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Алматы облыстық және Талдықорған қалалық мәслихаттары мақұлдаған Алматы облысы Талдықорған қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.

2. «Талдықорған қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1206 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі               Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 568 қаулысына қосымша

 

Жарияланды: 13 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту