Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы   №164 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 340-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші кезеңде үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия тұрғын үй ғимаратын пайдалануға беру актісіне қол қойғанға дейінгі мерзімге беріледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ.

Жарияланды: 22 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту