Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы  №45 қаулысы

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары;
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттары бекiтiлсiн.
2. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№45 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін
тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
Қағидалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
2) жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
3) маусымдық шетелдік қызметкер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын көшіп келуші;
4) уәкiлеттi орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
5) шетелдік жұмыс күші – жұмысқа өз бетінше орналасатын, сондай-ақ корпоративтік ауысу шеңберінде уақытша ауыстырылатын, маусымдық шетелдік қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
6) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін шетелдік жұмыс күшінің саны;
7) шетелдік қызметкер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс беруші тартатын көшіп келуші;
8) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел.
2. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін
тартуға арналған квотаны белгілеу тәртібі
3. Алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына пайыздық қатынаспен белгіленеді және (немесе) еңбек нарығындағы сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес басым жобалар бойынша және (немесе) шығу елдері бойынша абсолюттік мәнде белгіленеді.
4. Басым жобалар бойынша квота қажеттіліктің туындауына қарай абсолюттік мәнде белгіленеді.
5. Әрбір басым жоба бойынша квота жеке белгіленеді және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарды қоса алғанда, басым жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын ұйымдарға қажетті шетелдік қызметкерлердің ең көп саны, сондай-ақ жобаны іске асыру мерзімі мен орны айқындалады.
6. Шетелдік жұмыс күшінің шығу елдері бойынша квота Қазақстан Республикасы ратификациялаған Еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған жағдайда маусымдық жұмыстарға шетелдік қызметкерлерді тарту үшін еңбек нарығындағы сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес белгіленеді.
7. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жұмыс берушілердің жыл сайын бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес санаттар, кәсіптер, мамандықтар, іске асырылатын жобалар бөлінісінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыруы жоспарланған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жіберілген алдағы жылға арналған өтінімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
8. Уәкілетті орган ішкі еңбек нарығын талдау және жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде жұмыс берушілердің алдағы жылы шетелдік жұмыс күшін тарту негіздемесін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде ұсынады.
9. Мүдделі мемлекеттік органдар тиісті негіздемесімен қоса, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған ұсыныстарын еңбек жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде енгізе алады.
10. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органдар мен мүдделі мемлекеттік органдардан келіп түскен ұсыныстар негізінде алдағы жылға арналған квотаны белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін енгізеді.
11. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаның жыл сайынғы мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті және мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, квотаны санаттары бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында бөледі және оны бөлгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей квотаны бөлу туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
12. Жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде уәкілетті орган не мүдделі мемлекеттік органдар қажеттілігіне қарай еңбек жөніндегі уәкілетті органға ағымдағы жылға арналған квотаны көбейту туралы ұсыныс енгізе алады.
13. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік не уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде қайта бөлуді жүзеге асыра алады.

Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін
тартуға арналған квотаны
белгілеу қағидаларына
1-қосымша
________________________________________
________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының атауы)
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасына

Кімнен______________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы)
20____ жылға арналған
шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінім


 
Рс

     Қызметтүрі
     Ағымдағыжылытартылатыншетелдікжұмыскүшініңсаныбірл
     20 __ арналған шетелдік жұмыс күшіне деген қажеттілік     Жобаларкелісімшарттаржоспарларболғанкездеолардыкөрсетеотырыпқажеттілікнегіздемесі        
               Барлығы:
    Санаттар, лауазымдар, кәсіптер бойынша            
1    2    3    4    5    6    
Жұмыс беруші
(ұйым басшысы не жеке тұлға): ________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.                _____________________
 Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін
тартуға арналған квотаны
белгілеу қағидаларына
2-қосымша
Жұмыс берушінің _______ жылға
шетелдік жұмыс күшін тартуының негіздемесі

 
Рс

     Ұйымтолықатауы
заңдымекенжайы
     Қызметтүрі
     Ағымдағыжылытартылатыншетелдікжұмыскүшініңсаныбірлік     20 __ жылы шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі     Жобаларкелісімшарттаржоспарларболғанкездеолардыкөрсетеотырыпқажеттілікнегіздемесі        
                    Барлығы:
    Санаттар, қызметтер, кәсіптер бөлінісінде             
1    2    3    4    5    6    7    

Уәкілетті органның
басшысы: _______________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

М.О.                __________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№45 қаулысымен
бекітілген
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс
берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің
қағидалары мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
Қағидалар шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квотаның негізінде жүзеге асырылады.
3.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) бизнес-көшіп келуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатымен келген көшіп келуші;
2) бос жұмыс орны – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
3) еңбек жөніндегі уәкілетті орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
4) жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
5) кадрлардағы қазақстандық қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама – жұмыс берушінің кадрлардағы қазақстандық қамтуды жоспарлы ұлғайту мақсатында жүргізілетін, өнiмдi бөлу туралы келiсiмге сәйкес құзыретті органмен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасасқан келісімшарты бар жұмыс беруші жоспарлаған және орындайтын өз қызметкерлерін – Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды немесе біліктілігін арттыруды қамтитын, құзыретті органмен және еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісілген шаралар кешені;
6) кепілдік жарна – шетелдік қызметкер мен маусымдық шетелдік қызметкердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың жарамдылығы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуіне кепілдікті қамтамасыз ететін ақшалай жарна;
7) корпоративтік ауыстыру – корпоративтік ауыстыру туралы хатқа және (немесе) келісімге сәйкес шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін шетелдік заңды тұлғадан оның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалына, еншілес ұйымына, өкілдігіне немесе осы шетелдік заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғасына уақытша ауыстырылуы;
8) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
9) құзыретті орган – егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын орталық атқарушы орган;
10) қызметкерлердің тізімдік саны – жұмыстарды азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдардан, сондай-ақ бiр жұмыс берушiмен қоса атқарылатын жұмыс туралы еңбек шартын жасасқан қызметкерлерден басқа, жасалу мерзіміне байланыссыз еңбек шарттары негізінде қабылданған адамдар саны;
11) маусымдық шетелдік қызметкер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын көшіп келуші;
12) өз бетінше жұмысқа орналасуына арналған адамдардың тізбесі – осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдік қызметкерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуына арналған кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесі;
13) уәкiлеттi орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
14) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік қызметкерлерді, жұмысқа өз бетінше орналасатын қызметкерлерді, сондай-ақ корпоративтік ауыстыру шеңберінде уақытша ауыстырылатын қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
15) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат – еңбек жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы құжат;
16) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға берілетін рұқсат –шетелдік қызметкерлердің Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасуына арналған адамдардың тізбесіне кіретін шетелдік қызметкерге жергілікті атқарушы орган беретін, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат;
17) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асырушы мемлекеттік орган;
18) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;
19) шетелдік заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғасы – акциясының бір бөлігі немесе үлесі тікелей немесе жанама осы шетелдік заңды тұлғаға тиесілі Қазақстан Республикасының аумағында құрылған заңды тұлға;
20) шетелдік қызметкер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс беруші тартатын көшіп келуші;
21) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел.
4. Осы Қағидалар мынадай шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға:
1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Заңның 3-бабында көзделмеген мақсатпен Қазақстан Республикасының аумағында тоқсан күннен артық болмаған адамдарды қоспағанда, көшіп келушілер болып табылмайтын;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
3) оралман;
4) бизнес-көшіп келуші;
5) босқын немесе пана іздеп жүрген адамның мәртебесiн алған;
6) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес гуманитарлық уәждемелер бойынша келген көшіп келушілер болып табылатын;
7) Қазақстан Республикасы соттарының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға, шартты, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауға сотталған;
8) адам саудасымен байланысты нақты қылмыстық істі жүргізу кезеңінде сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам саудасының құрбандары болып табылатын;
9) Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келетін кәмелеттік жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жұбайы (зайыбы) болып табылатын және кемінде үш жыл Қазақстан Республикасы заңнамасында танылған некеде тұратын;
10) Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндiзгi оқу бөлiмiнде оқитын және сонымен қатар оқудан бос уақытында жұмыс iстейтiн;
11) жиынтық мерзімі күнтізбелік бір жыл бойы күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын іскерлік мақсаттағы қызметтік іссапарда жүрген адамдарға қолданылмайды.
5. Осы Қағидалар мынадай шетелдік қызметкерлерге:
1) Еңбекші көшіп-қонушылар мен олардың отбасыларының құқықтық мәртебесі туралы 2010 жылғы 19 қарашадағы келісімге мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын;
2) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтін;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшаға шаққанда 50 миллион АҚШ долларынан астам сома инвестицияға келісімшарт жасаған ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiмшарт жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн;
4) теңіз және өзен кемесінің, әуе, темір-жол және автомобиль көлігі экипажының мүшелері болып табылатын;
5) әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, суретшi, репетитор, спортшы мен жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiн;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында басшы және маман лауазымдарында жұмыс істейтін;
7) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенін құру және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатын;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде, «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамында және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдарда құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін;
9) ұлттық басқару холдингінің, «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдардың директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) мүшелері ретінде жұмысқа тартылатын;
10) «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамында және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдарда медициналық және консультативтік қызмет атқаратын;
11) жоғары білімді, дербес білім беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
12) білім беру бағдарламаларын енгізу және іске асыру және (немесе) білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімдер бойынша дербес білім беру ұйымдарына іссапарға жіберілген;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар жоғары бiлiмдi, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламаларында дамыту көзделген жоғары оқу орындарында басшылар және оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн;
14) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық қызметін жүзеге асыратын, бірақ ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше мәртебе берiлген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы;
16) өз қызметін Орта Азияның өңірлік экологиялық орталығының жұмыс шарттары туралы келісімнің негізінде жүзеге асыратын Орта Азияның өңірлік экологиялық орталығында жұмыс істейтін адамдарға қолданылмайды.
Осы тармаққа сәйкес шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген адам уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақпарат ұсынады.
2. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат берудің тәртібі мен шарттары
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің және
ұзартудың шарттары мен тәртібі
6. Рұқсат берудің және ұзартудың шарттары мен тәртібін айқындау мақсатында қызметкерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) бірінші санат – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары;
2) екінші санат – басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары;
3) үшінші санат – басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;
4) төртінші санат – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.
7. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын, бұрын берілген және берілетін рұқсаттардың саны тиісті күнтізбелік жылға бөлінген квотаның мөлшерінен аспауға тиіс.
8. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беруі мынадай арақатынас сақталған жағдайда жүзеге асырылады:
1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бірінші және екінші санатқа жататын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-ынан кем болмауға тиіс;
2) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санатқа жататын қызметкерлердің тізімдік санының 90 %-ынан кем болмауға тиіс.
Кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпаратты жұмыс беруші осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ұсынады.
Осы тармақ мыналарға:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
2) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;
3) басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында, сондай-ақ шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.
Осы тармақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiргенге дейiн қолданылады.
9. Қарашығанақ, Солтүстік Каспий, Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарына (қосалқы мердігерлердің өздері тартатын ұйымдарды қоспағанда) қатысты, олардың көрсетілген жобаларға қатысуын растайтын мына құжаттардың бірі:
1) жер қойнауын пайдалану келісімшартынан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме (көшірмесі);
2) бірлескен қызмет туралы шарттан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме (көшірмесі);
3) қызметтер көрсету шартынан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме (көшірмесі) болған жағдайда, осы Қағидалардың 8-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылмайды.
10. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша уәкілетті органға осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес өтініш береді.
11. Осы Қағидалардың 10, 41 және 49-тармақтарында көзделген құжаттар толық көлемде берілмеген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (стажы) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлердiң бiлiктiлiк анықтамалығында жұмысшылардың кәсіптері мен басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсатты беруден бас тартады және себебiн көрсете отырып, құжаттарды жұмыс берушіге қайтарады.
12. Жұмыс күшіне деген сұранысты ішкі еңбек нарығы есебінен қанағаттандыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді.
13. Ішкі еңбек нарығында тиісті кандидатураларды іздестіруді жұмыс беруші «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша уәкілетті органға жіберу арқылы жүзеге асырады.
Уәкілетті орган жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы өтінішін қабылдауды бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң жүзеге асырады.
Осы тармақтың әрекеті шетелдік жұмыс күшін, сондай-ақ этникалық қазақтар және бұрынғы отандастар қатарынан арнайы экономикалық аймақ аумағына тартатын жұмыс берушілерге қолданылмайды.
14. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметкерлерін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда, олардың рұқсат алуына қатысты құжаттарды ресімдеуді пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін заңды тұлға (оның ішінде филиалы, өкілдігі арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға) жүзеге асырады.
15. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру немесе ұзарту кезінде ерекше шарттарда мынадай талаптар көзделген:
1) уәкілетті орган бекіткен тізімге сәйкес өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлау;
2) уәкілетті орган бекіткен тізімге сәйкес өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын қайта даярлау;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыру;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құру.
16. Шетелдік қызметкерді:
бірінші санат бойынша тартқан кезде жұмыс беруші осы Қағидалардың 15-тармағының 3), 4) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуін немесе бірнешеуін таңдайды;
екінші немесе үшінші санат бойынша тартқан кезде жұмыс беруші осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуін немесе бірнешеуін таңдайды;
төртінші санат бойынша тартқан кезде жұмыс беруші осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 4) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуін немесе бірнешеуін таңдайды.
Ерекше шарттар тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санатына қарай көзделеді.
Жұмыс берушімен рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Кәсіптік даярлануға және (немесе) қайта даярлауға және (немесе) біліктілігін арттыруға тиіс Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мен (немесе) құрылатын қосымша жұмыс орындарының саны шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттардың санына сәйкес келуге тиіс.
17. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың:
осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізілуге тиіс;
осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде басталуға тиіс.
18. Мыналарға:
1) шетелдік қызметкерлер қатарындағы:
«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының жiктеуiшi» 05-2008 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жiктеуiшiне енгізілмеген кәсіптер немесе мамандықтар бойынша жұмыс істейтін;
этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын адамдарға;
2) жұмыс берушілер қатарындағы:
кадрлардағы қазақстандық қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратын және Қазақстан Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері бар;
технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанның индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын;
 «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыруға қатысатын, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алған;
шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатын;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатын жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды қайта ресімдеу кезінде, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе ұзарту кезінде ерекше шарттар көзделмейді.
19. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар:
1) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге екі реттен асырмай ұзартумен он екі айға;
2) төртінші санат және маусымдық шетелдік қызметкерлер үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға дейінгі мерзімге беріледі.
20. Шетелдік жұмыс күшін бірінші санат бойынша тартуға арналған рұқсат шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жұмыс берушілерге үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін бірінші санат бойынша тартуға арналған рұқсатты ұзарту жыл сайын он екі ай мерзімге жүргізіледі.
Шетелдік жұмыс күшін бірінші санат бойынша тартуға арналған рұқсат шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жұмыс берушілерге екі реттен асырмай ұзартумен, он екі ай мерзімге беріледі.
21. Шетелдік жұмыс күшін басым жобалар бойынша квота шегінде тартуға арналған рұқсат оның іске асырылу мерзіміне беріледі.
22. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру не оны беруден бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган құратын Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы бойынша уәкілетті орган жұмыс берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
23. Комиссияның құрамына міндетті түрде халықтың көші-қоны, білім беру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының және еңбек жөніндегі уәкілетті органның өкілдері қосылады.
24. Комиссияның отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады. Уәкілетті орган отырыс өтетін күннен кемінде үш жұмыс күні бұрын отырыстың өтетін күні, уақыты және орны туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
25. Уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту, ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде жұмыс берушіге оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
26. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруден бас тарту не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес оның негіздерін көрсетеді.
27. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту туралы хабарламаны алғаннан кейін уәкілетті органға жиырма жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан кетуіне кепілдік беретін құжаттардың (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың, жұмыс берушінің банк шотына кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын құжаттың) көшірмесін ұсынады.
28. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге рұқсат береді.
Жұмыс беруші үш жұмыс күні аяқталғанға дейін рұқсат алуға келмеген жағдайда, уәкілетті орган пошталық жөнелтілімді алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушінің тіркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.
29. Осы Қағидалардың 30-31-тармақтарында көзделген жағдайларды, сондай-ақ жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуін қоспағанда, уәкілетті орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
30. Шетелдік қызметкерлер функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша және еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша шетелдік жұмыс күшін екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға рұқсат береді немесе ұзартады.
Екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын рұқсатты беруге немесе ұзартуға келісім алу үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің құжаттарын алдын ала қарау кезеңінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған шартты, келісімшартты қоса отырып, рұқсат берудің немесе ұзартудың жазбаша негіздемесін жібереді.
Еңбек жөніндегі уәкілетті орган екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын рұқсатты беру немесе ұзарту негіздемесін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісу немесе келісуден бас тарту туралы хат жібереді.
31. Жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттарында, келісімшарттарында шарттың, келісімшарттың басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында қолданылуы көрсетілмеген жағдайда, еңбек жөніндегі уәкілетті орган екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беруге келісім беруден бас тартады.
32. Екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті органның келісу немесе келісуден бас тарту туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
33. Бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қолданылатын рұқсатты алған жұмыс беруші оны екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолдану туралы өтініш берген жағдайда уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті органның келісу туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеуді жүзеге асырады.
Бастапқыда берілген рұқсат уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
34. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат берілген шетелдік қызметкер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда, осы кәсіп үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде басқа шетелдік қызметкерге бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімінің қалған кезеңіне осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа нөмір бере отырып, бұрын алынған рұқсатты қайта ресімдеуге рұқсат етіледі.
Бұл ретте жұмыс беруші осы Қағидаларда көзделген құжаттарды ұсынады. Бастапқыда берілген рұқсат уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
35. Уәкілетті орган бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты басқа шетелдік қызметкерге қайта ресімдеу туралы шешімді құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
36. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін рұқсаттың қолданылу мерзімінің аяқталуынан кемінде жиырма жұмыс күні бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттар жіберіледі:
1) өтініш;
2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;
3) кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпарат;
4) рұқсаттың мерзімін ұзарту негіздемесі;
5) рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
37. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат он екі айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күні басталады.
38. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат:
1) бөлінген квота мөлшерінен асқан;
2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған жағдайда. Бұл ретте осы тармақшаның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзарту бөлігі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген рұқсаттарға қолданылады;
3) жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз тарту фактісі анықталған жағдайда. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
4) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттары (олар болған жағдайда) орындалмаған жағдайларда берілмейді және ұзартылмайды.
39. Уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған қолданыстағы рұқсаттарды кері қайтарып алуды:
1) шетелдік қызметкерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартқанда. Бұл ретте жұмыс берушіге кері қайтарылған рұқсатта көрсетілген кәсіп немесе мамандық бойынша рұқсат беру кері қайтару күнінен бастап алты ай бойы жүргізілмейді;
2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 8-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған жағдайларда;
3) жұмыс берушi өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (олар болған жағдайда) орындамаған жағдайларда жүргізеді.
40.Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат:
1) берілген мерзімі аяқталған;
2) рұқсат кері қайтарылған;
3) жұмыс беруші – жеке тұлға өз қызметін тоқтатқан, жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған;
4) осы Қағидалардың 32, 34-тармақтарында көзделген;
5) жұмыс беруші рұқсатты уәкілетті органға өз еркімен қайтарған;
6) жұмыс беруші осы Қағидалардың 27-тармағында белгіленген мерзімде шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан кетуіне кепілдік беретін құжаттарды ұсынбаған жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
41. Корпоративтік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алу үшін пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін заңды тұлғаның өкілі уәкілетті органға өтініш, ауыстыру мерзімін, ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерін немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, шетелдік заңды тұлғаның корпоративтік ауыстыру туралы хатының және (немесе) келісімінің нотариалды куәландырылған аудармасын (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі), сондай-ақ осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес құжаттарды ұсынады.
42. Корпоративтік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ресімдеуді пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін заңды тұлға жүзеге асырады, сондай-ақ ол шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты берудің ерекше шарттарын орындауды да жүзеге асырады.
43. Корпоративтік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан кетуіне кепілдік беретін құжаттар ұсынылмайды.
44. Корпоративтік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат корпоративтік ауыстыру туралы хатта және (немесе) келісімде көрсетілген ауыстыру мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Корпоративтік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзарту бiр жұмыс жылынан аспайтын мерзiмге бір рет жүргізіледі.
45. Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған шетелдік қызметкер рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кеткен жағдайда шетелдік заңды тұлғаның корпоративтік ауыстыру туралы тиісті хаты және/немесе келісімі болған жағдайда, бұрын берілген рұқсатты жаңа нөмір бере отырып, бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімінің қалған кезеңіне осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен басқа шетелдік қызметкерге қайта ресімдеуге рұқсат етіледі.
46. Әрбір басым жоба бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат берудің шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Басым жоба бойынша квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды аумағында басым жоба орындалатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органы береді.
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға
рұқсат берудің және ұзартудың шарттары мен тәртібі
47. Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасуына арналған адамдардың тізбесіне кіретін шетелдік қызметкерлерге уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты үш жылға дейінгі мерзімге береді немесе ұзартады.
48. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға берілетін рұқсат бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылады.
49. Шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алу немесе ұзарту үшін еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша уәкілетті органға осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес өтініш ұсынады.
50. Уәкілетті орган шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты берген немесе ұзартқан кезде ерекше шарттар көзделмейді.
51. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты беру немесе ұзарту не беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
52. Уәкілетті орган шетелдік қызметкерге қабылданған шешім туралы ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
53. Шетелдік қызметкер хабарлама алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін оның Қазақстан Республикасынан кетуіне кепілдік беретін құжаттарды (банк пен қызметкердің арасындағы шарттың, қызметкердің банк шотына кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесін) ұсынады.
54. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты береді.
Шетелдік қызметкер үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алуға келмеген жағдайда, уәкілетті орган жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты пошталық жөнелтілімді алу туралы хабарламаны ала отырып, шетелдік қызметкердің тіркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.
55. Шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс берушісін өзгерткен жағдайда, ол жаңа еңбек шартын жасау күнінен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға тиіс.
56. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсат.
1) мәлімдеген кәсібі немесе мамандығы шетелдік қызметкерлердің Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасуына арналған кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесінде болмаған;
2) бөлінген квотаның мөлшерінен асқан жағдайларда берілмейді.
57. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсат:
1) берілген мерзімі аяқталған;
2) рұқсат кері қайтарылған;
3) шетелдік қызметкер рұқсатты уәкілетті органға өз еркімен қайтарған;
4) шетелдік қызметкер осы Қағидалардың 53-тармағында белгіленген мерзімде онын кетуіне кепілдік беретін құжаттарды ұсынбаған жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
58. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттың қолданысын ұзарту жалпы мерзімі бес жылдан аспайтын мерзімге екі ретке дейін жүргізіледі.
59. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты ұзарту бөлінген квотаның мөлшерінен асқан жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 55-тармағына сәйкес уәкілетті органға хабарламай жұмыс берушісін өзгерткен жағдайда жүзеге асырылмайды.
60. Шетелдік қызметкердің еңбек қызметін жұмысқа орналасуға арналған рұқсатта көрсетілгенге сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша жүзеге асыру, сондай-ақ осы Қағидалардың 55-тармағына сәйкес уәкілетті органға хабарламай жұмыс берушісін өзгерту жағдайы анықталған кезде уәкілетті орган шетелдік қызметкерге он жұмыс күні бұрын жазбаша хабарлай отырып, жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты кері қайтаруды жүргізеді.
Бұл ретте шетелдік қызметкерге кері қайтару күнінен бастап он екі ай бойы жұмысқа орналасуға арналған рұқсат берілмейді.
61. Кепілдік жарнаны енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Қорытынды ережелер
62. Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда жұмыс беруші немесе шетелдік қызметкер оған сот тәртібімен шағымдана алады.
63. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсына осы Қағидаларды бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғалардың деректер базасын орналастырады.
64. Рұқсаттың түпнұсқасы жоғалған немесе бүлінген жағдайларда рұқсатты қалпына келтiру уәкілетті органның телнұсқа беруі арқылы жүргізіледі.
Рұқсаттардың жоғалған, бүлінген бланкілері жұмыс беруші немесе шетелдік қызметкер жоғалуына, бүлiнуiне себеп болған жағдайларды көрсете отырып, уәкілетті органға телнұсқасын беру туралы өтініш берген күннен бастап жарамсыз болып есептеледі.
Уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және «Телнұсқа» деген жазу жаза отырып, тиісті рұқсаттың телнұсқасын беруді жүргізеді.
65. Шетелдік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда, бұрын берілген жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты қайта ресімдеуге рұқсат етіледі.
Шетелдік қызметкер тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса отырып, жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, рұқсатты қайта ресімдейді.
66. Жұмыс беруші – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөліну немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ оның атауы немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген деректемелері өзгерген жағдайда, бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеуге рұқсат етіледі.
Жұмыс беруші қайта ұйымдастырылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, рұқсатты қайта ресімдейді.
67. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат алған жұмыс берушілер немесе жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алған шетелдік қызметкерлер жұмыс iстейтiн жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға ведомстволық статистикалық есептілікті ұсынады.
68. Уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту және шетелдік қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша есепті еңбек жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ұсынады.
Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына
1-қосымша
Қазақстан Республикасында шетелдік қызметкерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуына арналған кәсіптердің (мамандықтардың)
тізбесі

 
Р/с
№    Кәсіптердің (мамандықтардың) атауы        
1    2       
1.        Антрополог       
2.        Жүйелік сәулетші        
3.        Астроном        
4.        Балерина        
5.        Драмалық, лирикалық-драмалық сопрано       
6.        Драмалық, лирикалық-драмалық тенор       
7.        Аудио-бейнемонтаж инженері       
8.        Кинотаспаны дайындаушы инженер        
9.        Теңіз жабдықтарын жүйелік басқару жөніндегі инженер        
10.        Теңіз құбырларын салу жөніндегі инженер        
11.        Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностикалау бойынша бақылаушы-инженер        
12.        Климатолог       
13.        Мұражайтанушы       
14.        Жасаушы бағдарламашы (Computer Science), (Software Design Engineer)       
15.        Жоғарғы оқу орындарының ғылыми дәрежесі бар оқытушылары        
16.        Радиоастроном        
17.        Ақпараттық технология және электроника саласындағы маман        
18.        Электротехника және электрондық инженерия саласындағы маман        
19.        Анимация және компьютерлік графика жөніндегі маман       
20.        Ғарыш аппараттарын баллистикалық қамтамасыз ету жөніндегі маман        
21.        Ғарыш аппараттарының борттық жүйелері жөніндегі маман        
22.        Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі маман        
23.        Бутафория жасау жөніндегі маман       
24.        Компьютерлік арнайы эффектілер жөніндегі маман       
25.        Авиациялық нормативтер мен жарияланымдарды бақылау жөніндегі маман        
1    2       
26.        Теңіз құбырлары жөніндегі маман        
27.        Әуе салонының жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі маман        
28.        Ұшуды ұйымдастыру жөніндегі маман        
29.        Техникалық оқыту және стандарттар жөніндегі маман       
30.        Теңіз құрылыстары жөніндегі супервайзер     
Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына
2-қосымша
___________________________________________________________________
(рұқсат беруші органның толық атауы)
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс
күшін тартуға арналған
РҰҚСАТ

№ __                                20__ ж. «__» __________
Жұмыс беруші __________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
_______________________________________________________________________________
тіркеу нөмірі, тіркелген күні;
_______________________________________________________________________________
жеке тұлға үшін: Т.А.Ә., паспорт мәліметтері, үйінің мекенжайы)
_______________________________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылатын аумағы (аумақтары) _______________________________________
________________________________________________________________________________
Шетелдік қызметкер ______________________________________________________________
 (Т.А.Ә., санаты, лауазымы/кәсібі)
________________________________________________________________________________
(паспорт/жеке куәлік №, берілген күні және берген орган)
Жұмыс істеу әдісі (тұрақты, вахталық) ______________________________________________
Рұқсат берудің негіздемесі ________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі_______________бастап _______________дейін
(күні, айы, жылы)     (күні, айы, жылы)
М.О.                    қолы _______________________
(тегі, аты-жөні)

Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына
3-қосымша
____________________________________________________________________
(рұқсат беруші органның толық атауы)
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған
РҰҚСАТ
№ ___                                20__ ж. «__» __________
Шетелдік қызметкер _____________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________________________________________________________
(паспорт/жеке куәлік №, берілген күні және берген орган)
Шетелдік қызметкер жұмысқа орналасатын лауазымның (кәсіптің) атауы ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылатын аумағы (аумақтары)________________________________________
________________________________________________________________________________
Жұмыс істеу әдісі (тұрақты, вахталық) ______________________________________________
Рұқсат берудің негіздемесі __________________________________________
____________________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі ____________бастап ________________дейін
(күні, айы, жылы)     (күні, айы, жылы)
М.О.                        қолы _______________________
(тегі, аты-жөні)

Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына
4-қосымша
________________________________________
_________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының атауы)
 жұмыспен қамтуды үйлестіру және
 әлеуметтік бағдарламалар басқармасына
Осы Қағидалар қолданылмайтын
шетелдік қызметкерлер туралы ақпарат

 
Р/с

    Шетелдік қызметкер-лердің
Т.А.Ә.    Келген мемле-кеті және азамат-тығы
    Жеке басын куәланды-ратын құжаттың нөмірі, берілген күні    Білімі     Ұйымдағы лауазымы (орындай-тын жұмысы)    Кәсібі, мамандығы бойынша жұмыс стажы       
1    2    3    4    5    6    7    

Жұмыс беруші_____________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә., лауазымы )
М.О.


Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына
5-қосымша
Кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпараттың нысаны


 
Рс
№          Жұмыс берушінің қызметкерлерінің саны, адам    Тартужоспарланғаншетелдікжұмыскүшініңсаныадам     бағанбаған     бағанбаған     Шетелдікжұмыскүшініңқызметкерлердіңжалпысанынақатыстыбағанбаған        
          Бар-
лығы    оның ішінде шетелдік жұмыс күші                           
1    2    3    4    5    6    7    8       
1    1 және 2 санат                                
2    3 және 4 санат                               
3    БАРЛЫҒЫ                            

Ескертпе: шетелдік қызметкер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 5-бағанда есепке алынбайды.


Жұмыс беруші: _______________________________________
 (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.

Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына
6-қосымша

________________________________________
_________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының атауы)
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасына
кімнен ________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІШ
_______________________облысына (қаласына) ______ адамға, оның ішінде:
бірінші санат бойынша - ____ адамға,
олардың ішінде лауазымдары
(кәсіптері) бойынша: ________________________________________________
__________________________________________________________________
екінші санат бойынша - ____ адамға,
олардың ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________
____________________________________________________________________
үшінші санат бойынша - ____ адамға,
олардың ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________
____________________________________________________________________
төртінші санат бойынша - ____ адамға,
олардың ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________
маусымдық жұмыстарға - ____ адамға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді /мерзімін ұзартуды/ (қажетіннің асты сызылады) сұраймын.
Жұмыс беруші туралы мәліметтер:
Жұмыс берушінің атауы: ____________________________________________
Меншік нысаны _________________________________________________
Құрылған күні ______ жылғы « ____»_____________.
Қазақстан Республикасы әділет органдарында тіркелу туралы куәлік
____________________________________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
СТН:_______________, ЖСН____________________, БСН: _________________
Жүзеге асыратын қызмет түрі _____________________________________
Мекенжайы, телефоны, факс _________________________________________
Қоса берілетін құжаттар: ___________________________________________
____________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі (оның ішінде бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікке):
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Шетелдік қызметкерлер Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның қызметкері болып табылған жағдайда, онда шетелдік заңды тұлға - жұмыс беруші туралы мынадай деректер толтырылады:
Шетелдік заңды тұлға - жұмыс берушінің толық атауы: __________________
____________________________________________________________________
Резидент еліндегі тіркеу туралы деректер ______________________________
____________________________________________________________________
(№, мемлекеттік тіркеу күні және тіркеу органының атауы)
Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның баламасы ____________________________________________________________________
Жүзеге асырылатын қызмет түрі ______________________________________
Резидент елдегі мекенжайы, телефоны _______________________________
____________________________________________________________________
«Қолданыстағы Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарымен таныстым».
Басшы __________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
20__ж. «___» ___________
М.О.
Өтініш қарауға қабылданды 20_жылғы «__»________________
____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні, қолы)

Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына
7-қосымша
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін
ұсынылатын құжаттар
1. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат.
2. Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер.
3. Тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
2) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар.
4. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезінде Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының шетелдік маманның кәсіптік деңгейінің сәйкестігі туралы қорытындысы.
5. Шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тартылса).
6. Жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісімшарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тартылса).
7. Кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпараты.
8. Сотты болғаны не болмағаны туралы растама.
9. Таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екені туралы медициналық анықтама.
10. Медициналық сақтандыру.
Мыналарды:
1) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда осы қосымшаның 1-тармағында көзделген;
2) маусымдық шетелдік қызметкерлер тартылған жағдайда осы қосымшаның 1, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
 
Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына
8-қосымша
Жұмыс берушімен рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу нысаны

 
Р/с№

    Тартылатын шетелдік қызметкерлердің
Т.А.Ә.

    Жұмыс
берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаты, кәсібі (мамандығы)
    Қазақстан Республикасынын азаматтарын даярлау, қайта даярлау біліктілігін арттыру, жүргізілетін кәсіп (мамандық) және (немесе) құрылатын жұмыс орындарының саны көрсетілген
ерекше шарттардың атауы    Ерекше шарттарды орындау мерзімі       
1    2    3    4    5    

Келісілді:
_________________________________ _________________________________
(уәкілетті органның атауы)          (жұмыс берушінің атауы)
_________________________________ _________________________________
(қолы, тегі, лауазымы)                 (қолы, тегі, лауазымы)
20 ___ ж. «____» _____________            20 ___ ж. «____» _________________
М.О.                        М.О.
Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына
9-қосымша
Корпоративтік ауыстыру шеңберінде
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін
ұсынылатын құжаттар
1. Ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерн немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес тегін, атын, әкесінің атын, ауыстыру мерзімін көрсете отырып шетелдік заңды тұлғаның корпоративтік ауыстыру туралы хатының және (немесе) келісімінің нотариалды расталған аудармасы (мемлекеттік және орыс тілдерінде).
2. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат.
3. Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер.
4. Тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
2) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар.
5. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезінде Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының шетелдік маманның кәсіптік деңгейінің сәйкестігі туралы қорытындысы.
6. Кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпарат.
7. Сотты болғаны не болмағаны туралы растама.
8. Таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екені туралы медициналық анықтама.
9. Медициналық сақтандыру.
Осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда осы қосымшаның 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына
10-қосымша
________________________________________
_________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының атауы)
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасына
кімнен _____________________________________
(шетелдік қызметкердің Т.А.Ә.)
_____________________________________________
(паспорт/жеке куәлік №, берілген күні және берген мекеме)
ӨТІНІШ
_________________________________облысында (Астана немесе Алматы қалаларында)
___________________________________________________________________________________
(жұмысқа орналасатын лауазымын (кәсібін) көрсете отырып)
жұмысқа орналасуға рұқсат беруді/ұзартуды сұраймын
(керегі сызып көрсетілсін)
Болжамды жұмыс орны: ___________________________________________
(Жұмыс берушінің атауы және мекенжайы көрсетіледі)
Қызметкер туралы мәліметтер
Мекенжайы, телефоны, факс ___________________________________________
Қоса берілетін құжаттар _______________________________________________
____________________________________________________________________
Резидент елдегі мекенжай, телефоны ____________________________________
____________________________________________________________________
«Қолданыстағы Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарымен таныстым».
Қызметкер __________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні)
20__ж. «___» ___________
М.О.
Өтініш 20_жылғы «__»________________қарауға қабылданды
____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні, қолы)

Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына
11-қосымша
Шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға рұқсат алу үшін
ұсынатын құжаттар
1. Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, шетелдік қызметкер туралы мәліметтер.
2. Шетелдік қызметкердің біліктілігін растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
2) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар.
3. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезінде Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының шетелдік маманның кәсіптік деңгейінің сәйкестігі туралы қорытындысы.
4. Сотты болғаны не болмағаны туралы растама.
5. Таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екені туралы медициналық анықтама.
6. Медициналық сақтандыру.

Жарияланды: 22 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту