Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы «18» қаңтардағы № 19 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 642-құжат, 2016 ж.,№ 67, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

«4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары» деген бөлімде:

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері».

  1. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                    Б. Сағынтаев

Жарияланды: 25 қаңтар 2018

Мұрағат

Қаңтар
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту