ҮКIМЕТ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

 

 

1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында туды.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Алма-Ата халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастады.

1988-1992 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, ассистент лауазымынан әлеуметтану кафедрасының доцентіне дейінгі жолды өтті.

1992 жылдан 1998 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1998 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

1999 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

2002 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2004 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы болды.

2007 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болды.

2008 жылғы 30 қыркүйекте Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

2012 жылдың 20 қаңтарында – Қазақстан  Республикасының  экономикалық даму және  сауда министрі   болып тағайындалды.

2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап – «Нұр-Отан» ХДП  Төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

2013 жылдың 16 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен  ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму  министрі болып тағайындалды.

2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен  ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.

«Құрмет»,«Парасат» ордендерімен  және мерейтойлық медальдармен  марапатталған.

Табиғи монополиялар саласын мемлекеттік  реттеу,  шағын және орта бизнесті дамыту тақырыптарына арналған  бірқатар  ғылыми жұмыстың авторы.

Үйленген,   екі баласы бар.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

 

 

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист.

Еңбек жолын «Целинтяжстрой»тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

1996 - 2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі,  Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі,Астана қаласының әкімі.

2008 жылғы сәуір айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті, 2008 жылғы 17 сәуірде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №04/08 КХГУА хаттамасынан үзінді).

2016 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1998 жылы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы – «Құрмет» орденімен, 2011 жылы – екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, 2013 жылы – Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен, 2014 жылы – Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі  орденімен марапатталған. 2011 жылы – Астана қаласының Құрметті азаматы,  2012 жылы – Құрметті теміржолшы, 2013 жылы – Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.   

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi

 

 

 

1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында туған.

1984 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «Зооинженер» мамандығы бойынша аяқтаған;

Еңбек өтілі: Қазақстанның қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері (1984-1985); Қазақстанның мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері (1988-1991);

«Қазақстан» республикалық биржасының вице-президенті, Орта Азия және Қазақстан биржалары Қауымдастығының Басқарма төрағасы, «Электронды супермаркет» АҚ президенті (1991-1995); «Tasmo» инвестициялық фирмасының бас директоры (1995-1996); «Агро-лизинг» АҚ Бас директоры (1996-1999);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыскеңесшісі (1997-1999);

Қазақстан кәсіпкерлері Форумы кеңесінің төрағасы (1999 жылдың наурызынан тамызына дейін);

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі (1999-2002);

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі (2002-2005);

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитеті төрағасының міндетін атқарушы (2003-2004);

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрі (2005-2006);

Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі (2006-2007);

«Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы (2007-2009);

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (2009-2015);

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары(2015 жылдың тамызынан бастап);

2016 жылдың мамырынан Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

2016 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi.

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

 

 

1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1987 жылы Алматы қаласының Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген.

Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған;

1998 жылы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған;

1998 жылы ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі лауазымын атқарған;

2000 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2001 жылы Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы болған;

2001–2003 жылдары ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы ретінде қызмет атқарған;

2003–2004 жылдары – ҚР қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; ҚР Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі;

2004–2006 жылдары – ҚР денсаулық сақтау министрі;

2006–2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап – ҚР экономикалық даму және сауда министрі;

2013 жылғы 16 қаңтардан бастап – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;

2014 жылғы 6 тамызда ҚР Президентінің № 880 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2015 жылғы 30 сәуірде ҚР Президентінің № 5 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.

2016–2017 жылдары – «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы.

2017 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

 

 

1972 жылы РКФСР Орынбор облысында дүниеге келген.

Свердлов Суворов әскери училищесін тәмамдаған.

Кейін Қазақ ұлттық техникалық университетін (Алматы қ.) «Радиобайланыс, радиотарату және теледидар» мамандығы бойынша аяқтаған.

Екінші жоғары білімін Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша алған.

Лозаннаның федеративтік политехникалық мектебінен «Электрондық басқару саласының магистрі» ғылыми дәрежесін алған.

1996–1998 жылдары «Жарық» ЖШС бас директорының қызметін атқарған;

1998–1999 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сектор меңгерушісі ретінде еңбек еткен;

1999–2000 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы болған;

2000 жылы «Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы» РМК-да басқарма басшысы ретінде жұмыс істеген;

2001–2003 жылдары – ҚР Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары, байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы;

2003–2005 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;

2004–2005 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а.;

2005–2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

2006 жылы ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы қызметін атқарған;

2006–2010 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ президенті;

2010–2012 жылдары – ҚР байланыс және ақпарат министрі;

2012–2014 жылдары – ҚР көлік және коммуникациялар министрі лауазымын атқарған;

2014 жылы – ҚР байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы;

2014–2015 жылдары – ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары;

2015-2017 жылдары «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған.

2017 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

 

 

2016 жылғы 28 желтоқсаннан бері: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

26.11.2013 – 28.12.2016: Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі

2011-2013: Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшісі – Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі

2008-2011: Қазақстан Республикасының Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы Тұрақты Өкілі, ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің Төрағасы (2010), Вена қ.

2007-2008: Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшісі – Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі

2006-2007: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

2003-2006: Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшісі

2001-2003: Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі

1999-2001: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі

1998-1999: ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің Директоры (Еуропа, Америка, Азия, Таяу Шығыс пен Африка)

1994-1998: ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің Басқарма басшысы, Директорының орынбасары және Директоры; ҚР СІМ Еуропа мен Америка департаментінің Директоры

1993-1994: ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі қызметке кірісті. ҚР СІМ Еуропа департаментінің үшінші, екінші хатшысы.

1987-1993 – Қазақ ұлттық техникалық университетінде тарих пәнінің лекторы; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспиранты

Білімі: 1981-1987: Қазақ мемлекеттік университеті (Тарих факультеті)

Басқа:

1964 жылғы 21 сәуірде дүниеге келген.

Үйленген, 2 баласы бар.

Меңгерген шет тілдері: Ағылшын

Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарымен марапатталған («Құрмет», «Парасат» ордендері).

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

 

 

Сәкен Әділханұлы Жасұзақов 1957 жылғы 25 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Шалдар кеңшарында туған.

1978 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін бітірген. Республика Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетінің нығаюына лайықты үлес қоса отырып, лейтенанттан бастап генералға дейінгі әскери қызметтің барлық сатыларынан өткен.

1987 жылдың қыркүйегі мен 1990 жылдың маусымы аралығында М.В. Фрунзе атындағы әскери академияда тыңдаушы. Одан соң Алматы қаласы, Алатау аудандық азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары – штаб бастығы лауазымында болды.

1994 жылғы шілдеде РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясына оқуға түсті.

1996 жылы аталған академияны бітіріп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары болды. Жедел жоспарлау департаментін басқарды. Одан соң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымында болды. Кейінірек армия корпусының штаб бастығы, Ұтқыр күштердің қолбасшысы лауазымдарында болды.

2003 жылы Бас штаб бастығы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Одан соң «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды.

2007 жылғы сәуір айында ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

2009 жылы сәуір айында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

2010 жылғы наурыз айынан бастап 2013 жылғы 22 қаңтарға дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

2013 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы болып тағайындалды.

2016 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

«Қызыл Жұлдыз», ІІІ дәрежелі «ҚСРО ҚК-дегі Отанға қызметі үшін», II дәрежелі «Данқ», II дәрежелі «Әулие князь Александр Невский» және әр түрлі дәрежедегі 21 медальмен наградталған. 1981-1983 жылдар аралығында АДР жауынгерлік қимылдарға қатысқан. 1993-1994 жылдары Тәжікстан Республикасында бітімгерлік миссия атқарды.

 

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

 

 

1964 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келді.

1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Санкт-Петербор экономика және қаржы мемлекеттік университетін тәмамдады, экономика ғылымдарының кандидаты.

1985 жылдан бастап - А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы.

1986 жылдан бастап - Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, шебер, рафирленген цехтың аға шебері т.б. жұмыстарды атқарды.  

1991 жылдан бастап 2006 жыл бойынша жеке секторда - өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек етті.

2006 жылдан бастап - Кеңесші, РФ-ғы ҚР Елшісінің Кеңесші-уәкілі.

2007 жылдан бастап - Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшісінің Кеңесші-уәкілі.

2008 жылдан бастап - Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы.

2010 жылдан бастап - Малайзия, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам, Филиппин Республикасында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2012 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.

2015 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2016 жылдың қазан айынан бастап Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

Мұрағат

Желтоқсан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту