ҮКIМЕТ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

 

 

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.

Целиноград инженер құрылысы институтын, Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтаждаушы болып бастаған.  

1996–2008 жылдар аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, көлік және коммуникациялар вице-министрі, индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2008 жылғы сәуірден бастап — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті.

2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап — ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары.

2019 жылғы 25 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (1998), «Құрмет» орденімен (2006), екінші дәрежелі «Барыс» орденімен (2011), Әулие князь Мәскеулік Даниилдің үшінші деңгейлі орденімен (2010), Француз Республикасының Құрметті Легионы (2013) және Латвия Республикасының «Таным кресті» екінші деңгейлі орденімен (2013), Испания Корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші деңгейлі орденімен (2014) марапатталған. Астана қаласының құрметті азаматы (2011), Құрметті теміржолшы (2012), Қазақстанның құрметті құрылысшысы (2013).

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

 

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті.

2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2018 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қаржы министрі болып тағайындалды.

2019 жылдың ақпанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

 

 

1975 жылы 7 мамырда дүниеге келді.

ҚазБСҚА (Алматы қ.) «Сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтады, экономика ғылымдарының кандидаты

Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелістікті қорғау жөніндегі агенттіктің темір жол көлігі және порттар бөлімінің басшысы, Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің басшысы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры лауазымын атқарды.

2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.

2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі.

2014 жылғы тамыздан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2016 жылғы маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі.

2018 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

 

 

1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты.

Институтты бітірген соң 1987–1994 жылдары Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға инспектор, бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

1994–1995 жылдары — ҚР Жоғары Кеңесі Халықты әлеуметтік қорғау комитетінің консультанты.

1995–2003 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек департаментінің директоры, Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың кірісін реттеу департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

2003 жылғы наурыздан бастап 2005 жылғы желтоқсан аралығында — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2005 жылғы желтоқсаннан бастап 2006 жылғы қазан аралығында — «Өмірді сақтандыру компаниясы «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ басқармасының төрайымы.

2006 жылғы қазаннан бастап 2007 жылғы қазан аралығанда — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2007 жылғы қазаннан бастап 2008 жылғы қаңтар аралығында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2008 жылғы қаңтардан бастап 2009 жылғы наурыз аралығында — ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы.

2009 жылғы наурыздан бастап 2012 жылғы қыркүйек аралығында — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2012 жылғы қыркүйектен бастап 2013 жылғы қараша аралығында — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2013 жылғы қарашадан бастап 2014 жылғы қараша аралығында — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

2014 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы ақпан аралығында — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2019 жылғы ақпаннан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

Бір қыз тәрбиелеп отыр.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

 

 

 

1964 жылы 19 мамырда дүниеге келген.

1986 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Санкт-Петербор экономика және қаржы мемлекеттік университетін тәмамдады, экономика ғылымдарының кандидаты.

Өзінің еңбек жолын 1985 жылы А. П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы мамандығынан бастады.

1986–1991 жылдар аралығында — Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, ауысым шебері, аға шебері, бас инженері, бөлім бастығының орынбасары.  

1991–1995 жылдары — ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жүйесінде қызмет атқарды; «Казметаллэкспорт» республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорынның «Черметэкспорт» бас маманы, директоры; «Қазақстан Сауда» сыртқы сауда компаниясының бас директорының бірінші орынбасары.

1995–1996 жылдары — «Қарағанды металлургиялық комбинаты» МАҚ бас директорының бірінші орынбасары (Теміртау қ.).

1996–2006 жылдары — кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

2006–2007 жылдары — РФ-ғы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі (Мәскеу қ.).

2007–2008 жж. — ИИР-да ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі (Тегеран қ.).

2008–2010 жж. — Майндағы Франкфурт қаласындағы ҚР Бас консулы (Германия).

2010–2012 жж. — Малайзия, қосымша Филиппин Республикасы, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам сұлтандығында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2012–2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы.

2014–2015 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы.

2015–2016 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2016–2018 — ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

2018 жылғы 26 желтоқсанда сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

 

 

 

1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген.

1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл ту институтын қытай және ағылшын тілдерін меңгерген офицер мамандығы бойынша үздік бітірген. 1996 жылы Қазақ сәулет және құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Түрлі жылдары коммерциялық кәсіпорындарда, Сыртқы істер министрлігі құрылымында, ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет еткен.

Нұрлан Ермекбаев ҚР Президентінің Кеңесшісі — ҚР Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2006–2007 жж.), сыртқы істер министрінің орынбасары (2007–2010), ҚР Президентінің көмекшісі (2010–2012 жж.), ҚР Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Корея Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы (2012–2014), ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (2014–2016), ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі (2016– 2018) болып еңбек еткен.

2018 жылғы сәуірден бастап 2018 жылғы тамызға дейін ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымын атқарды.

2018 жылғы тамызда қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен қорғаныс министрі болып тағайындалды. 

 

 

 


 

 

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi

 

 

 

Полиция генерал-майоры Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Заң ғылымдарының кандидаты, ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастаған.

Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімі қылмыстық іздеу бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді.

1986–2002 жылдар аралығында Алатау және Калинин АІІБ-ның жедел-тергеу бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.

2002 жылғы ақпан–қыркүйек аралығында — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тоғызыншы департаментінің бастығы.

2002 жылғы қыркүйек–2003 жылғы сәуір аралығында — Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

2003 жылғы сәуір – 2006 жылғы мамыр аралығында — Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің басқарма бастығы, бастығы.

2006 жылғы мамыр – 2006 жылғы шілде аралығында — Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.

2006 жылғы шілде – 2012 жылғы желтоқсан аралығында — Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.

2012 жылғы желтоқсан – 2019 жылғы ақпан аралығында — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

2019 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.

І және II дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І дәрежелі «Қайсар» белгісімен, мерейтойлық және ведомстволық медальдармен награтталған.

 

 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

 

 

 

1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазаны мен 2016 жылдың мамыр айы аралығында — Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.

2013 жылдың шілдесінен 2016 жылдың мамыр айына дейін — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2016 жылдың мамыр айынан бастап — ақпарат және коммуникациялар министрі (13.09.2016–25.02.2019 қайта тағайындалды).

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

 

 

Мұрағат

Мамыр
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту