ҮКIМЕТ

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi

 

 

1957 жылы туған.

1979 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің  заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1979 - 1988 жылдар  тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы Ішкі істер басқармасы Іле аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

1988 жылдан бастап  Алматы облысы Ішкі істер басқармасы  Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бөлімі бастығының орынбасары.

1989 жылдан бастап  Алматы облысы Ішкі істер басқармасы Қапшағай қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығы.

1992 жылдан бастап  Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары.

1997 жылғы наурыз-шілде айларында  ҚР Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

1997 жылдар - Алматы қалалық Ішкі істер бас басқармасының бастығы.

2003 жылдан бастап - Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің Ішкі істер бас басқармасының  бастығы.

2005 жылдан бастап  Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.

2009 жылдан бастап  Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы.

2011 жылғы сәуір айынан - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

2-ші дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана» медалімен,  "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін", "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынын ардагері", "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтойлық медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

 

 

Марат Бақытжанұлы Бекетаев 1977 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

2001-2002 ж. - «ҚР СІМ дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі департамент» РМК ұйымдастырушылық-хаттамалық бөлімінің ақпарат өңдеу секторының меңгерушісі.

2002-2003 ж. - Алматы қаласындағы «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» ЖАҚ ұйымдастырушылық-талдамалық бөлімінің бастығы.

2003 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Мемлекеттік қызметті құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету департаменті басқармасының, бөлімінің бастығы.

2004 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» МБ директорының орынбасары.

2004-2006 ж. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту еуразиялық орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры.

2006-2007 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі.

2007 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2007-2010 ж. - Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі.

2010-2015 ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.

2015-2016 ж. - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2016 жылғы 13 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды.

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

 

 

1966 жылы туған, 2 жоғары білімі бар. 1990 жылы «экономика» мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, біліктілігі экономист – саяси экономияның оқытушысы.

1993 жылы - АҚШ Миннеаполис қ. Қолданбалы экономика департаменті Миннесота штатының Университетін бітірді, ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек қызметін 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы лауазымынан бастады.

1992 жылдан 1993 жылға дейін Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД, АҚШ елдерінің кураторы болған.

1993 жылдан 1994 жылға дейін АҚШ,Девелопед Технолоджи Рисорс, Миннеаполис штаты технологиялар маркетингі жөніндегі жобаның жетекшісі болды.

1995 жылдан 2004 жылға дейінбизнес салаларында басшылық қызмет атқарған.

2003 жылданбастап 2009 жылғадейін «Жаңатехнологиялар. Қазақстан» АҚдиректорларкеңесініңтөрағасыболды, бас директордыңлауазымынатқарды.

2004 жылдан 2012 жыл аралығында Халықаралықбизнесуниверситетініңпрезидентіболды.

2007 жылдың ақпан айынан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.

2008 – 2009 жылдары – «Инвестициялық қор» АҚ тәуелсіз директорының лауазымын атқарды.

2009 – 2012 жылдары аралығында – «Frontier Mining Ltd» директорлар кеңесінің төрағасы, сонымен бір уақытта Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті болып қызмет атқарды.

2010 жылдан 2011 жылға дейінАлматы қалалық өңірлік Қаржы орталығы Академиясының директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын атқарды.

2011 жылдан 2012 жылға дейін – «Қазақстандық жылжымайтын мүлік» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2012 жылдан 2013 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болды.

2014 жылғы ақпаннан тамызға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2014 жылғы тамыз айынан  2015 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі.

2016 жылғы 10 ақпаннан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 


 

 

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті.

2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2018 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қаржы министрі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

 

 

 

 1975 жылы 7 мамырда дүниеге келді.

ҚазБСҚА (Алматы қ.) «Сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтады, экономика ғылымдарының кандидаты

Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелістікті қорғау жөніндегі агенттіктің темір жол көлігі және порттар бөлімінің басшысы, Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің басшысы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры лауазымын атқарды.

2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.

2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі.

2014 жылғы тамыздан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2016 жылғы маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

 

 

1971 жылдың 18 қазанында Жамбыл облысында дүниеге келді. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1994 жылы Алматы медициналық институтын емдеу ісі мамандығы бойынша, Аризона штатының университетінде (Қарқынды терапия мен токсикология), Ресей медициналық дипломнан кейінгі білім академиясында денсаулық сақтау саласындағы менеджмент мамандығы бойынша (2001 ж.), Шарите университеттік клиникасында (Берлин, Германия) емдеу ісіндегі менеджмент (2006 ж.), Тұран университетінде экономист (2008) мамандықтары бойынша, сонымен бірге, Duke University, Fuqua School of Business (АҚШ), Global Executive MBA магистратурасында (2013 ж.) білім алған. Медицина ғылымдарының докторы, іскер әкімшілік магистрі.

Ол өз еңбек жолын институтты бітіргеннен кейін 1991 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету емханасы психоневрология (ОҚКЕ), Алматыдағы ЖМКА қарқынды терапия, жан сақтау, токсикология бөлімінде мейіргер болып бастады.

1991-1994 жылдары Алматы қаласындағы Жедел медициналық көмек көрсету емханасы психоневрология бөлімінде, ЖМКА қарқынды терапия, жан сақтау, токсикология бөлімінде мейіргер болып жұмыс істеді;

1994-1998 жж. – ЖМКА Ақпараттық-консультативтік токсикологиялық орталығының жетекшісі, дәрігер-токсиколог, реаниматолог;

1998-1999 жж. – Алматы қалалық токсикология орталығының жетекшісі;

1999-2005 жж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бас токсикологы, республикалық токсикология орталығының жетекшісі;

2000-2008 жж. – Алматы дәрігерлерді жетілдіру мемлекеттік институты клиникалық токсикология курсының оқытушысы, жетекшісі;

2006-2008 жж. – «Денсаулық сақтау саласы медициналық және экономикалық проблемалар ғылыми орталығы» РМҚМ директоры;

2008 ж. наурыз – тамыз айларында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі;

2008 ж. тамызынан желтоқсанға дейін – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма басшысының орынбасары;

2008 ж. желтоқсан- 2010 ж. сәуір – ӨР Денсаулық сақтау вице-министрі;

2010 ж. сәуір – 2012 ж. желтоқсан - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма басшысы

2012 ж. желтоқсан – 2014 ж. наурыз – «Назарбаев Университет» АББҰ атқарушы кеңесі басшысының кеңесшісі;

2014 ж. сәуір – 2015 ж. қараша – «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын қолдау орталығы» ЖШС Басқарма басшысы;

2015 ж. қараша – 2017 қаңтар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

2017 ж. 25 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

 

 

Мәдина Әбілқасымова 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Түрлі жылдары Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры болып еңбек еткен.

2006 – 2008 жылдары М. Әбілқасымова ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары болған, одан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалған.

2011 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы ақпанға дейін ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымын атқарған.

2012 жылдан бастап — Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары.

2013 – 2014 жж. — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.

2018 жылдың ақпанынан бастап – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

 

 

Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген.

1986 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын (виолончель сыныбы бойынша), 1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқарудың Ұлттық Жоғары Мектебін, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аспирантурасын тәмамдады.

2003 жылы «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы» мамандығы бойынша «Қазақстан-ЮНЕСКО: мәдени ынтымақтастық аспектілері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Еңбек жолын Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі болып бастады (1984-1991 жж.), сосын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде бас маман (1991-1993 жж.), Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің көмекшісі болып істеді (1993-1994 жж.).

1994 жылдан бастап 1996 жылға дейін «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің нұсқаушы-директоры, 1997 жылдан бастап 2001 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясының Президент оркестрінің басшысы, 2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» РМҚК бас директоры, 2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін - Қазақ әуендері АҚ президенті.

2006-2007 жылдары А.Мұхамеди Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, Ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторы меңгерушісі болды.2008 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.Жоғары кәсібилігі үшін А.Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына, ҚР Президентінің алғыс хатына ие болды, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конститутциясына 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Астана» медалімен марапатталды.

2014 жылдың 11 наурызынан ҚР Президенті Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының мәдениет министрі болып тағайындалды.

2014 жылдың 6 тамызынан ҚР Президенті Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрi болып тағайындалды.

Мұрағат

Желтоқсан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту