Елбасының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына іссапармен келді.

Кәрім Мәсімов ең алдымен Байқоңыр қаласына барып, көп профильді қалалық аурухана жұмысымен танысып, аймақтағы әлеуметтік сала мен денсаулық сақтау  жүйесінің дамуы туралы есеп тыңдайды.

 

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ведомствоның Париждік климаттық келісімге қосылу және «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша жүргізген жұмыстарын баяндады. Министр Қазақстанның  газ қалдықтарын азайтуға, ең алдымен энергия тиімділігін арттыру механизмдері, балама энергетиканы дамыту арқылы газ қалдықтарын азайтуға әлеуетінің жеткілікті екенін тілге тиек етті.

Өз кезегінде Прмеьер-Министр «жасыл экономика» жобаларын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, алда Астанада өтетін ЭКСПО-2017  көрмесінің «жақсы бастапқы нүкте» болатынын айтты.

К.Мәсімов өз сөзін: «Бір жылдан кейін шамамен осы уақыт жұмыстың нағыз қызған уақыты болмақ және біз бұған мұқият дайындалуымыз керек. Қажет болса біздің даму жоспарымызға түзетулер енгіземіз»-деп түйіндеді.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Жанұя» көпфункционалды тұрғын үй кешені құрылысының барысымен танысты.

Жоба тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ желісімен «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.

Облыс әкімдігінің басшысы К.Мәсімовты тұрғын үй және инфрақұрылымдық құрылысының инженерлік желілерінің дамуы мен «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы ақпараттандырды.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне барды.

Жоғары оқу орнында К.Мәсімов бейінді (профильді) магистратураның жаңа білім беру бағдарламалары мен ИИДМБ-ның екінші бесжылдығы үшін мамандарды дайындау бойынша оқу үдерісімен танысып, инновациялық жобалар көрмесі мен инновациялық технологиялардың зертханасын, сондай-ақ брендтік автоматтандырылған құралдардың заманауи оқу-өнеркәсіптік кешенімен жабдықталған «ҚарМТУ – SchneiderElectric» және «ҚарМТУ – Mitsubishi Electric – ҚазПромАвтоматика» автоматтандырылған үйретуші орталықтарын аралады.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ХҚКО-ға барды.

Халыққа қызмет көрсету орталығында Кәрім Мәсімов "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, Премьер-Министрге жер қатынастары саласындағы қызметтерді ұсыну мен көлік құралдарын тіркеу процестерін оңтайландыру бойынша пилоттық жобалары таныстырылды.

ХҚКО қазіргі заманауи құрылғылармен жабдықталған және азаматтардың мәселелерін шешу үшін мемлекеттік кірістер департаменті мен әкімшілік полицияның қызметкерлері де ХҚКО-да бар. Былтырғы жылдың өзінде орталықта автокөлікті тіркеу бойынша 58 мыңнан астам құжаттар қабылданып, 7 мыңнан астам жүргізуші куәліктері берілді.  

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Теміртауда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов кронентығындар мен литографияланған металл табақтарын шығаратын кәсіпорын - "Ast Etalon Crown" ЖШС-нің өндірістік үдерісімен танысты.

Жоба 2008 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын қолдау аясында іске қосылған болатын. 2015 жылы өндіріс көлемі 1 млрд. теңгеден асты, соның ішінде 45% экспортқа тиесілі. Ай сайынғы өндірістік қуаттылығы 90 млн дана кронентығындары мен 800 тонна ақ қаңылтыр литографиясын құрайды.

Сонымен қатар, К.Мәсімов «АрселорМиталл Теміртау» АҚ-ға барып, жаңғыртылған №2 домна пеші мен прокат сұрыптау цехының жұмысымен танысты. Осы жерде Премьер-Министр тау-кен металлургия саласының даму мәселелері бойынша жиын өткізеді.  

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Теміртауда еліміздің тау-кен металлургия саласының даму мәселелері бойынша жиын өткізді.

Саланың қазіргі жағдайлары мен перспективалары туралы ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеме жасады. «АрселорМиттал», ERG, «Қазақмыс», «Қазминералс», «Қазмырыш» сияқты ірі өндірістік компаниялардың басшылары проблемалық мәселелерді баяндады.

Жиынды қорытындылай келе, Кәрім Мәсімов ірі жүйе құрушы компанияларды жұмыс орындарын сақтап қалуға шақырды.

«Біздің кәсіпорындарымызда Қазақстан азаматтарының көп бөлігі жұмыс жасайды, көптеген басқа да ШОБ субъектілері сіздердің тұрақты жұмыстарыңызға тәуелді. Адамдар экономикалық қиындықтарға қарамастан жұмыстары болатындығына сенімді болуы керек. Бұл басымдылықты Елбасымыз барлық кәсіпорындардың алдына қойып отыр», - деді Премьер-Министр.

Премьер-Министр Үкімет өз кезегінде туындаған проблемалық мәселелерді талқылауға және оған көмек көрсетуге дайын екендігін айтып, жиынды қорытындылады.

Жиын барысында айтылған мәселелердің шешімдері Үкіметтің келесі бір отырысында қарастырылады деп жоспарлануда.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысында жұмыс сапарымен жүр.

Қарағанды әуежайына келген соң К.Мәсімов әуе айлағының жұмысымен танысып, көліктік инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша шаралар туралы мәліметті тыңдады.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Отырыс барысында Қазақстандағы ағымдағы экономикалық  жағдай, Үкіметтің экономикалық өсімді ынталандыру бойынша қолданып қатқан шаралары, сондай-ақ Қазақстанның ЕҚДБ-мен ынтымақтастығы рөлі талқыланды.

Бірқатар министрліктердің басшылары энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы баяндамалар ұсынды. Сондай-ақ, жекешелендіру бағдарламаларын жүзеге асыру барысы және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы қызметінің перспективалары таныстырылды.

Өз кезегінде, ЕҚДБ Директорлар кеңесінің мүшелері Қазақстанда іске асырылып жатқан экономикалық реформаларға оң баға беріп, жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға сенімділіктерін білдірді.

 «Біз реформа жүргізуде сіздерді белсенді қолдаймыз», - деді Францияның атынан келген ЕҚДБ Директорлар кеңесінің мүшесі Рафаэль Белло.

Іс-шара соңында Кәрім Мәсімов Қазақстан мен Еуропалық банктің ынтымақтастығының және елдің алдында тұрған сын-қатерлер жағдайында дамудың маңыздылығын атап өтті.

«Өткен жылы біз заңнамаға баса назар аудардық, және қазір реформаларды жүзеге асыру бойынша практикалық қадамдар қолданудамыз. Бұл оңай емес, алайда, біз дұрыс жолда екеніме сенімдімін», - деп түйіндеді Премьер-Министр.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша Алматы облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Алакөл ауданындағы Достық кентіне барды.

Кәрім Мәсімов кенттегі ауруханаға барды, газ толтыру стансасының,  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ контейнерлік-тиеу алаңының және  «Достық» кедендік бекетінің жұмысымен танысты, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму өзекті мәселелерін әкімшілік басшысымен айтып өтті. 

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Талдықорған қаласындағы жаңа Оқушылар сарайын аралау барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматы облысының жұртшылығымен кездесу өткізді. 

Іс-шараға сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Өңір әкімі Амандық Баталов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен перспективалары туралы мәлімдеді. 

Үкімет басшысы өз сөзін құттықтаудан бастады. Кәрім Мәсімов Қазақстанда 23 маусымда атап өтілетін Полицейлер күні және Мемлекеттік қызметкерлер күнімен құттықтады. 

Премьер-Министр жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық және тұрғын үй жобаларын жүзеге асыру барысымен, кәсіпкерлікті, өнеркәсіп өндірісін және ауыл шаруашылығын қолдау шараларымен танысты.

«Бүгін жемісті күн болды, маңызды мәселелер айтылды. Жауапты тұлғаларға бүгін көтерілген бір де бір мәселе қалыс қалмауын тапсырамын. Осында отырған адамдар сол шешімдерді сезіне білуі тиіс. Мемлекет басшысы бізге осыны тапсырды», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр сондай-ақ жастар белсенділерімен кездескенін айтып өтті. «Олардың бәрі біздің еліміздің тәуелсіздігінің құрдастары. Олар мүлде басқа адамдар - ашық, еркін, сауатты, қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде жетік сөйлейді. Бұл бізді қуантады», - деп баса айтты К.Мәсімов.

Кездесу соңында К.Мәсімов өңір тұрғындарына амандық пен гүлденуді тіледі.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Алматы облысында жүр. 

Талдықорған қаласына келген Премьер-Министр әуежайдың жөндеу барысын қарап, авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысына баға берді. 

23062016 2

Сондай-ақ Кәрім Мәсімов Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабы құрылысының жобасымен танысты. Ағымдағы жылы жалпы ауданы 16,9 мың шаршы метр болатын төрт тұрғын үйді салу аяқталды, 705 пәтерлі бес коммуналдық үйдің құрылысы жалғасуда. Тұрғын үй алабында тоғыз балабақша, бес мектеп, емхана және басқа да бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды орналастыру жоспарланған. 

23062016 3

Облыс әкімдігінің басшылығы Премьер-Министрді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіп кешені, газдандыру, елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету жайлы ақпараттандырды.

Бұдан өзге, қайта салынған Жастарға қызмет көрсету орталығын аралау барысында К.Мәсімовтің жастар көшбасшыларымен кездесуі өтті, оның барысында жас буынның өзекті мәселелері, атап айтқанда жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, жастар қозғалыстарын дамыту перспективалары талқыланды.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

23062016 1

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысында түйнеме ауруының таралуына байланысты жағдайды күнделікті назарында ұстап отырады.

Бүгін ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин кезекті баяндама барысында «соңғы тәулікте халық арасында ауру жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелмегенін» мәлімдеді.

Сонымен қатар, арнайы штаб жұмыс істеуде, ауылда карантин жарияланды. «Аталған елді мекеннен мал мен өнімнің сыртқа шығуына тыйым салынды. Жағдай бақылауда, барлық үй-жай, байланыс анықталды, химиялық алдын алу, антибиотиктерапия жүргізілуде», - деп сендірді ҚР бас санитарлық дәрігері.

Баяндаманың қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жергілікті органдармен бірлесіп, инфекцияның таралуынан халықты қорғау бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

«Біріншіден, індет одан әрі таралмау үшін адамдарды қорғауды қамтамасыз ету қажет. Екінші міндет - елде мұндай жағдай болмас үшін шаралар кешені қажет. Бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауға жеке тапсырма беремін», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр келесі аптада жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, жағдаймен танысатынын атап өтті. Осы мәселеге орай арнайы мәжіліс өткізіледі.

Еске салсақ, 19-22 маусым аралығында Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында тоғыз адам түйнеме жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған болатын, олардың екеуі қайтыс болды. Бұл індетті жұқтыруға тиісті талаптармен сойылмаған ауру мал себеп болды.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

21062016 1

Бүгін Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Инвестициялар және даму министрлігінің ұжымына жаңа басшы - ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған Жеңіс Қасымбекті таныстырды.  

«Мемлекет басшысы сізге үлкен сенім артып отыр. Сіз Әсет Өрентайұлының бастаған атқарымдарын жалғастырып, жаңа, тың идеяларды енгізіп, саланы абыроймен алып жүресіз деген сенімдемін. Жаңа жұмыс орнында сәттілік тілеймін», - деді К.Мәсімов министрге айтқан сөзінде.

Өз кезегінде, Ж.Қасымбек Президенттің зор сенімін ақтау үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.

Премьер-Министр сондай-ақ ведомствоның бұрынғы басшысы Әсет Исекешевке Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша Үкіметтегі нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдіріп. оның тәжірибесі жаңа қызметте де сұранысқа ие болатынын сеніммен айтты.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

 

Архив

Наурыз
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту