Бағдарламаның мақсаты - Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру  қызметтерімен қамтамасыз ету.
Бағдарламаның міндеттері - Сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңа  объектілерін салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту кезінде жүйелік тәсілді енгізу. Қалалық жерлерде сумен жабдықтау мен су бұрудың орталықтандырылған жүйелерін салу және қайта жаңарту. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау мен су бұрудың жергілікті жүйелерін
(септик салу және қайта жаңарту. Сумен жабдықтау мен су бұруды реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін тиімді және рентабельді пайдалануды қамтамасыз ету.
Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру объектілерін
қаржыландыруға жеке меншік капиталды барынша тарту. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану. Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін жобалаудың сапасын арттыру. Сумен жабдықтау мен су бұру секторының жағдайына мониторинг жүйесін құру. Жер асты және жер үстіндегі су сапасының мониторинг жүйесін құру. Су шаруашылығы ұйымдарының рентабельдік жұмысын қамтамасыз ету үшін тариф белгілеу. Инвестицияны кепілді қайтару мақсатында  ұзақ мерзімді және рентабельді тарифтер белгілеу.  Тұтынушыға жеткізу кезінде өндірістік емес
су ысырабының деңгейін ғылыми-негіздемелік нормаларға дейін төмендету. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын
іске асыру кезінде қазақстандық қамтуды дамыту.
Бағдарламаны іске асырудың мерзімдері мен кезеңдері 2011-2020 жылдар
I кезең – 2011 – 2015 жылдар
II кезең – 2016 – 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлар - Ауылдық жерлерде орталықтандырылған  сумен жабдықтауға ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80 %-на, қалаларда 100 %-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде орталықтандырылған су
бұруға орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20 %-на, қалаларда 100%-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету, су айдындарына ағызу кезінде қалалардағы нормативтік тазаланған судың деңгейін 100%-ға дейін жеткізу, әр аудан орталығында сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі мамандандырылған пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдарын құру, жеке капиталдың қатысуымен сумен жабдықтаудың және су бұрудың пайдалану кәсіпорындарының, оның ішінде концессиялық келісімдер мен басқа да шарттар негізінде санын 20 бірлікке дейін арттыру, суды есептеу аспаптарымен: қалаларда – 100% және ауылдық елді мекендерде – 80% қамту, сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске
асыру кезде Қазақстанда шығарылған бұйымдар мен технологияларды пайдалану үлесін 60%-ға жеткізу, 3000-нан астам ауылдық елді мекенді жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету, қалалар мен ірі елді мекендер үшін қорларды
қайта бағалау мақсатында жер асты суларының 165 кен орнын және топтық су құбырлар үшін 15 кен орнын толық барлау,
86 қала мен 6943 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау және су бұру жобаларын мониторинг жүйесімен қамту, халықты тәулігіне 24 сағат ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету.

Бағдарламаның толық нұсқасы

Жарияланды: 27 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту