«Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын, Мемлекеттiк бағдарламаны және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар Кеңесiнiң 23-шi пленарлық отырысының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 01-8.1 хаттамасын iске  асыру шеңберiнде әзiрленген.
      Бағдарлама Дүниежүзiлiк банктiң әдiстемелiк қолдауымен әзiрлендi және Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру құралдарының бiрi болып табылады.
      Экономиканың жалпы өнiмдiлiгi оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабiлеттiлiгiн айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсiнетiн өнiмдi шығаратын өңдеушi салалар кәсiпорындары үлесiнiң ұлғаюы экономикадағы еңбек өнiмдiлiгiнiң деңгейiн едәуiр арттырады. Сондықтан да мемлекетке оның өнiмдiлiгiн арттыруды ынталандыру, инновациялық әзiрлемелердi ендiру, қазiргi заманғы басқару технологияларын ендiру және жалпы кәсiпорындардың негiзгi қорларын жаңғырту өмiрлiк маңызды. Бүгiнгi күнi бәсекеге қабiлеттi  жаңа өндiрiстердi құру, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және сөзсiз, қазiргi заманғы басқару технологияларын енгiзу бiрiншi дәрежелi мiндет болып табылады.

Бағдарламаның толық нұсқасы

 

Жарияланды: 27 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту