Мақсаты -  Моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту
Міндеттері:
1. Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру.
2. Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту.
3. Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандыру.
4. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына сәйкес дамыту.
Іске асыру мерзімдері:
Бірінші кезең – 2012 жыл (пилоттық)(кезеңдері)
Екінші кезең – 2013 – 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлары
2015 жылға:
1. Экономикалық әлеуеті төмен моноқалаларда бір немесе бірнеше «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру  нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемін – кемінде 20 %-ға арттыру (2011 жылмен салыстырғанда).
2. Моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 2 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда).
3. Моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6,0 %-дан аспайтындай етіп төмендету.
4. Моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,5 %-дан аспайтындай етіп төмендету.
2020 жылға:
1. Моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 4 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда).
2. Моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6,0 %-дан аспайтындай етіп азайту (2015 жылы күнкөріс минимумы шамасын айқындау әдістемесін жетілдіруді ескере отырып).
3. Моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,0 %-дан көп емес деңгейге дейін төмендету.

Бағдарламаның толық нұсқасы

Жарияланды: 01 қазан 2013

Мұрағат

Қазан
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту