Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  2015 жылғы «13» қазандағы № 94-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне         мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін     ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің тізбесінде:

            реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

   «

21. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2015 жылғы желтоқсан

                                                                                                                       »;

   реттік нөмірі 593-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

593. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің қағидаларын бекіту туралы бұйрық

Әділетмині

2015

жылғы желтоқсан

                                                                                                                       ».

Премьер-Министр                  К. Мәсімов

Жарияланды: 14 наурыз 2016

Мұрағат

Наурыз
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту