Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  2015 жылғы «19» қазандағы № 96-ө өкімі

2016 жылғы 2 – 5 маусым кезеңінде Астана қаласында «КАDEX-2016» төртінші халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін (бұдан    әрі – көрме) өткізу мақсатында:

  1. 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі белгіленген тәртіппен   2016 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген ақшалай қаражат шегінде:
  2. оны жария ету жөнінде веб-сайтты аша отырып көрмені;
  3. қару-жарақтың, әскери техниканың және ұшатын аппараттар ұшуының көрсетілімдерін өткізуді қамтамасыз етсін.
    1. 2. Астана қаласының әкімдігі белгіленген тәртіппен:
  4. 2016 жылғы 2 – 5 маусым кезеңінде көрме өткізілетін жерге дейін қоғамдық көліктің қосымша бағыттарын енгізуді;
  5. көрмеге қатысушылар мен келушілер үшін ақылы қоғамдық тамақтандыруды және ұлттық кәдесыйлар саудасын ұйымдастыруды;
  6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігін жалпы ұзындығы   3000 м тасымалданатын турникеттермен қамтамасыз етсін.
  7. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
  8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұсынған тізімге сәйкес ресми делегацияларға көрмеге шақыру жолдасын;
  9. Қазақстан Республикасындағы шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерін алдағы уақытта болатын көрме туралы хабардар етсін;
  10. көрмені шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді ұйымдастырсын.
  11. 4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен:
  12. мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау шеңберінде көрмені бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жария етуді қамтамасыз етсін;
  13. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, делегациялар басшылары арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, әуежайға қонуын және одан ұшып шығуын, ресми делегациялар үшін Астана қаласы әуежайының VIP-залы арқылы өтуді қамтамасыз етсін.
  14. 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен көрме өткізілетін жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
  15. 6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы   Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
  16. Премьер-Министр                  К. Мәсімов

Жарияланды: 14 наурыз 2016

Мұрағат

Наурыз
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту