Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  2015 жылғы «28» қазандағы № 99-ө өкімі

Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің 2015 жылғы 26 – 28 қазанда Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастырушылық іс-шараларды қамтамасыз етсін.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес «1+1+8» форматы немесе өзаралық қағидаты бойынша Жапонияның ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастырушылық шараларды қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2015 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жапонияның ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

4.      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен:

         1) Астана қаласында Қазақстан Республикасының іскер топтары өкілдерінің және ресми делегация құрамында келетін Жапонияның іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыруды;

         2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;

         3) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды;

         4) сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

         5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жапонияның ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.

         6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Жапония       Премьер-Министрі Синдзо Абэнің және зайыбы Акиэ Абэнің құрметіне берілетін ресми қабылдаулар (бейресми қабылдаулар) кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықтық қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.

         7. Астана қаласының әкімдігі Жапонияның ресми делегациясын әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралардың орындалуын, әуежайды және көшелерді безендіруді, болатын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

         8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэні және зайыбы Акиэ Абэні ресми қарсы алу және шығарып салу рәсімдеріне қатыссын.

         9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

 

Премьер-Министр                                 К. Мәсімов

 

ҚР Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 99-ө өкіміне қосымша

Жарияланды: 14 наурыз 2016

Мұрағат

Наурыз
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту