ҚР Үкіметінің отырысы, 20.08.2019

20 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Отырыста «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту мәселелері және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары мәселелері қаралды. 

— АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов орталық жұмысының негізгі қорытындыларын ұсынып, одан әрі дамыту перспективалары туралы баяндады.

— Бірінші қаржы вице-министрі Б. Шолпанқұлов АХҚО туралы конституциялық заңға толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырды.

— ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров азық-түлік тауарларының қазіргі бағалары, тұрақтандыру қорларының қызметі және бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов өңірлердегі жұмыстар туралы баяндады.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу