ҚР Үкіметінің отырысы, 27.08.2019

 

27 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

  • Отырыс барысында ҚР 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы, «2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020–2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңдарының жобасы және «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы мақұлданды .

  • ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 2020–2024 жылдарға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды.

  • Заң жобаларын ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов таныстырды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселе бойынша ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев сөз сөйледі.

  • «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасымен ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов таныстырды

  • Алматы облысының әкімі А. Баталов пен Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов заң жобасының ережелерін педагогикалық қоғамдастық өкілдерімен талқылау туралы баяндады. Сондай-ақ, Үкімет отырысында жоспарланған жаңалықтарды талқылауға шақырылған Ақмола облысы Никольск орта мектебінің педагогы Н. Құттыбаева сөз сөйледі.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу