ҚР Үкіметінің отырысы, 02.09.2020

2 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

—  Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.

— Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М. Әбілқасымова, қаржы министрі Е. Жамаубаев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, энергетика министрі Н. Ноғаев, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, денсаулық сақтау министрі А. Цой, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Б. Мусин баяндама жасады.

— Мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Президенттің әрбір тапсырмасының орындалуына қатаң бақылау орнатылып, нақты орындалу мерзімі мен жауапты адам белгіленуі тиіс екенін атап өтті.


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу