ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020

—  Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру және ҚР-да тауарларды таңбалау және олардың бақылануы мәселесі қаралды.

— Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетов, Алматы облысының әкімі А. Баталов баяндады.

—  ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2021 жылы «қағаз» анықтамалардың қажеттілігін толығымен жойып, «Азаматтарға арналған үкімет»  корпорациясынан қызметтерді жеткізуді қамтамасыз етіп, барлық онлайн қызметтер мен сервистердің қолжетімділігін 100%-ға дейін арттыруды тапсырды

—  Тауарларды таңбалау және қадағалау мәселесі туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, қаржы министрі Е. Жамаубаев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы тауарларды қадағалау жүйесін жетілдіру және таңбаланған тауарлардың айналымын бақылау жұмысын жалғастыруды, ақпараттық жүйелердің, оның ішінде тегін мобильді қосымшалардың тұрақты жұмыс істеуін, оларды техникалық қолдауды және жылдамдығы жоғары мобильді интернет сапасын қамтамасыз етуді тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу